СпортХабар

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев «Қазақстан спортшылары одағы» РҚБ президиумының төрағасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы «Қазақстан спортшылары одағы» РҚБ facebook-парақшасында жазды.

«Заманауи мәселелерді жан-жақты шешу, проблемаларды талдау және шаралардың уақтылы орындалуы үшін одақ президиум құру туралы шешім қабылдады. Онда барлық өзекті мәселелер алқалы түрде шешіледі.

«Қазақстан спортшылары одағы» РҚБ жалпы жиналысының шешімімен жарғының 5.2 және 5.9-тармақтары негізінде Серік Сәпиевті Қазақстан спортшылары одағы Президиумының төрағасы етіп тағайындау шешілді», делінген хабарламада.

Серік Сәпиев 1983 жылы 16 қарашада Қарағанды ​​облысында дүниеге келген.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру мұғалімі», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Сонымен қатар ҚарМТУ мен Қазақ спорт және туризм академиясында да білім алған.

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button