Хабар

Саясат Нұрбек ғылым саласын цифрландыруды қолға алмақ

Жаңадан құрылған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде цифрландыру жөніндегі вице-министр лауазымын ашу қарастырылып отыр. Бұл туралы аталған ведомство басшысы Саясат Нұрбектің ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электронды қызмет жұмысымен танысу барысында белгілі болды.

«Біздің алдымызда ғылымды таныту міндеті тұр. Мұндағы ең басты бағыттардың бірі – министрліктің барлық ішкі процестерін цифрландыру. Бұл сын-пікірлерге бірден жауап беруге және ғылым мен жоғары оқу орындарына бөлінетін қаржының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Саясат Нұрбек.

Алдағы жұмыстардың маңыздылығын ескере отырып, жаңадан құрылған Ғылым және жоғары білім министрлігінде цифрландыру жөніндегі вице-министр лауазымын ашу қарастырылып отыр.

«Ол ішкі процестерді цифрландыру жұмысын қадағалап, тиісті министрліктермен және ведомстволармен өзара қарым-қатынас ісіне жауап беретін болады. Мысалға, бөлінген қаржыны алдын ала талдау нәтижесі көрсеткендей, цифрлық платформаны ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институттарында қолданыста бар барлық зертхана жабдықтарын есепке алуға көмектеседі. Бұл жаңа жабдықтарды сатып алу ісін жылдамдатады және жұмыс істеп тұрған зертханаларды бірлесе пайдалануды қамтамасыз етеді», – делінген министрлік хабарламасында.

Еске салайық, Ұлттық ғылым академиясында ғалымдармен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ғылым саласын басқару жүйесін жетілдіру қажеттігін атап өткен болатын.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button