
Санат Мусин Қарағанды облысы Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі қызметіне тағайындалды
Қарағанды облысының Білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметіне Санат Қабиденұлы Мусин тағайындалды. Жаңа басшыны облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңес барысында таныстырды.
Санат Мусиннің жалпы еңбек өтілі 26 жылдан асады, оның 19 жылдан астамы — мемлекеттік қызмет саласына тиесілі.
Ол түрлі жылдары атқарушы органдарда түрлі деңгейдегі лауазымдарда еңбек еткен. 2003 жылдан бастап сот орындаушылығы, құқықтық қамтамасыз ету және әкімшілік басқару салаларында жұмыс істеген.
2012 жылдан бастап қызметі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен тығыз байланысты. Қарағанды облысының білім саласындағы бақылау департаментінде әкімшілік және қаржылық жұмыс бөлімін, кейін білім беру қызметін лицензиялау бөлімін басқарды. Сонымен қатар, Қарағанды және Ұлытау облыстарының білім сапасын қамтамасыз ету департаменттеріне жетекшілік етіп, ауқымды тәжірибе жинаған.



