Хабар

Қарағанды облысында судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға жұмыссыздар тартылады

Өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев су айдындарын патрульдеу және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін жұмыссыздарды тартуға шақырды. Қарағанды облысының әкімі коммуналдық жағажайларды жайластыру жұмыстарын да сынға алды.

Жазғы кезеңде су айдындарындағы профилактикалық жұмыстарды бәсеңдетуге болмайды. Адамдар демалғысы келеді. Бірақ сіздер оларға қай жерлер қауіпті екенін жеткізулеріңіз керек. Шомылуға тыйым салу белгілер бізге көмектеспейді. Жұмыспен қамту орталықтарымен жұмыс жасап, ТЖД құтқарушыларымен және полициямен бірге профилактикалық жұмыс жүргізетін жұмыссыздар қатарынан адамдарды тарту қажет, – деді Ермағанбет Бөлекпаев облыс әкімдігінде өткен жұмыс кеңесінде.

Қарағанды облысы бойынша шомылу маусымы басталғаннан бері барлығы төрт адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала қаза тапты.

Бұл қайғылы оқиғалар Нұра, Бұқар жырау, Абай аудандарында және Қарағандының Федоров су қоймасында болды – барлығы шомылу үшін белгіленбеген жерлерде. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 50%-ға төмендегенімен, бірақ арқаны кеңге салып жүруге болмайды, – дейді Қарағанды облысы ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов. – Қазіргі уақытта облыста шомылуға тыйым салынған 240 орын бар, олар ескерту белгілерімен жабдықталған. Бұл су айдындарында патрульдеуді күшейту қажет.

Бүгінгі таңда өңірдің су айдындарында 363 тыйым салу және ескерту белгілері орнатылған. Алайда демалушылар оларды көбіне елемейді, деп қосты облыстың бас құтқарушысы.

– Басқаларға сабақ болу үшін құқық бұзушыларға айыппұл салу керек. Адамдар біздің ең алдымен олардың қауіпсіздігіне қатысты алаңдайтынымызды түсіне бермейді. Сондай-ақ, жағажайларда суға батқандарға алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік сабақтарын өткізу қажет. Бұл жұмысқа дәрігерлерді, “Қызыл Жарты Ай” қоғамдық бірлестігінің еріктілерін тарту қажет, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. – Сонымен қатар, коммуналдық жағажайларды жайластыру бойынша жұмысты жеделдету қажет. Қалқымаларды, құтқару құралдарына арналған орындарды орнату қиын емес. 10 күн ішінде нәтижені күтемін.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button