Хабар

Сүңгуірлер көлге батып кеткен теміртаулықтың мәйітін тапты

Теміртауда көлде қайықтан секіріп кеткен ер адамның мәйіті бүгін табылды.

Оны құтқарушылар екі күннен артық іздеді. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Теміртау қаласы ТЖБ оперативтік-құтқару отрядының жетекшісі Михаил Шуленин мәлім етті. 

 24 шілдеде ер адам достарымен бірге Теміртаудағы көлдің оң жағалауында орналасқан «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына қарасты демалыс аймағынан қайтып келе жатқан. Демалушыларды сол жағалауға«Нептун» қайығы тасымалдаған. Сергіп алуды ойлаған ер адам, қайықтан секіріп кеткен. Қайықтың капитаны істің бұлай боларын білмесе керек, қатты жүзіп келе жатқан қайықты дер кезінде тоқтата алмады.+
Теміртау қаласы ТЖБ мәліметі бойынша, бұл жыл басынан бері қаладағы өзен-суларда орын алған осымен алтыншы қайғылы оқиға.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button