Риддер қаласындағы өрт толықтай сөндірілді. Өрт 287,4 гектар аумақты шарпыды

31 үй, 5 жеңіл автокөлік өртенген.

2021 жылғы 12 мамырда сағат 14.30-да Риддер қаласындағы орман өрті сөндірілді. Өрт аумағы 272,4 га (оның ішінде 272,4 га – орман аймағы) құрады. ​Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли ​​хабарлады. ​ ​

Еске салайық, өрт 2021 жылғы 10 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласының әкімшілік аумағындағы Лесхоз кентінде сағат 13.55-те орманға жайылған өрттен туындаған болатын. Желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетіп, 5 көшеде 31 үй, 5 жеңіл автокөлік және шаруашылық құрылыстарының 7 учаскесі, сондай-ақ ТҚС үй-жайын от шарпыған.

Өртенген үйлерде 72 адам, оның ішінде 11 бала тұрған. Қазір 13 азамат жатақханаға, қалғандары туыстарының үйіне орналастырылды. Өртті сөндіруге 493 жеке құрам, 69 бірлік техника, 2 тікұшақ жұмылдырылған.

ТЖМ табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады:

  • жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға жол бермеңіздер;
  • орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеңіздер;
  • шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып жүру керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін;
  • жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендер аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералдандырылған жолақтарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізіңіздер;
  • табиғи өрттер туындаған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондары бойынша хабарласыңыздар.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Шілдеден бастап көлік жүргізушілер еш құжатсыз жүре алады

еGov пен екінші деңгейлі банктер қосымшасында жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және техпаспорттың электронды нұсқасы сақталған. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.