Новости

Республика күні елімізде 709 нәресте өмірге келді

25 қазан – Республика күні Қазақстанның перзентханаларында 709 сәби өмірге келді.

Ведомство мәліметінше, тәулік ішінде елдегі босандыру ұйымдарында 704 әйел дүниеге сәби әкелген. Жаңа туған балалардың 359-ы – ұл, ал 350-і – қыз.

Сол күні бес егіз дүниеге келген.

Денсаулық сақтау министрлігі мереке күнгі кезекшілік кезінде жаңа өмірдің бастауына куә болған дәрігерлерге, акушерлерге және барлық медицина қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.

Статьи по теме

Back to top button