
Новости
Ресми хабарлама
15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында Қарағанды облысы аумағында жоспарлы жауынгерлік дайындық шеңберінде оқу-жаттығу шаралары өтеді.
Жаттығу барысында әскери бөлімшелер полигондарға теміржол, әуе және автокөлік секілді әртүрлі көлік түрлерімен жылжиды. Әскери техниканың жүру бағыттары туралы мәліметтер алдын ала беріледі.
Аталған оқу-жаттығулар мемлекеттік және жеке мекемелердің қызметіне, сондай-ақ азаматтардың күнделікті тіршілігіне кедергі келтірмейді.
Әлеуметтік желі қолданушыларына тексерілмеген ақпарат пен бейнематериалдарды таратпауға, тек ресми дереккөздерге сүйенуге кеңес береміз.
