Рейс кешіккенде әуе компаниясы жолаушыға қандай қызметтерді тегін ұсынуы тиіс?

Кешіктірудің әр сағаты үшін тасымалдаушы билет құнының 3 пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді.

ИИДМ азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева рейс кешіккен жағдайда әуе компаниясының қандай қызметтерді тегін ұсынуы тиіс екенін түсіндірді.

«Әуе компаниясының кінәсінен рейс кідірген жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тасымалдаушы кідіріс ұзақтығына байланысты тегін негізде: екі телефон қоңырауын шалу, салқын сусындар, ыстық тамақ, қонақ үйде тұру, сондай-ақ, қонақ үйге дейін және әуежайға кері қайту көлігін ұсынуы тиіс. Сонымен қатар, кешіктірудің әр сағаты үшін тасымалдаушы билет құнының 3 пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді», – деді Салтанат Томпиева.

Жоғарыда көрсетілген талаптар орындалмаған не тиісінше дұрыс емес орындамаған кезде әуе компаниясы 200-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, комитет өкілі соңғы уақытта билеттердің бағасына қатысты айтылып жүрген сынға жауап берді.

«Қазақстан Республикасындағы халықаралық практикаға сәйкес баға белгілеуді реттеу 2016 жылы күшін жойды. Сондықтан қазіргі уақытта компаниялар әуе билеттерінің бағасын дербес қалыптастырады. Жалпы Қазақстан аптасына 465 рейс жиілігімен 106 маршрут бойынша 27 елмен әуе қатынасына ие. Халықаралық әуе қатынасы пандемияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда, 24 елмен аптасына 442 рейс жиілігімен 99 маршрут бойынша рейстер орындалған», – деп қосты Салтанат Томпиева.

Әуе компаниялары Қытай, Гонконг және Малайзияға рейстерді қалпына келтіріп, Пәкістанға ашып, Германия, Сауд Арабиясы және Өзбекстанмен арадағы рейстерді ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Ата-аналардың 60 пайызы баласының мектепте не оқып жатқанына мән бермейді

Биылғы оқу жылынан бастап мектепте өтетін ата-аналар жиналысының форматы өзгереді. Оқушылардың 60 пайызының ата-анасы мектепте …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.