Понедельник, 27.06.2022

Рамазан-2022. Жарапазан жырын жатқа айтушылар арасында сайыс өткізіледі

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты.

«Жарапазан – қасиетті Рамазан айының келгенін хабарлайтын, халықты ізгілікке үндейтін жыр. Жарапазан айту – дәстүрімізде бар жақсы үрдістің, жақсы ғұрыптың бірі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында жарапазан жырын жатқа айтушылар арасында арнайы сайыстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр», — деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы.

Сонымен қатар ол дін мен дәстүр бағытын қатар ұстанып келе жатқанымызды алға тартты.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тағы да басымдылық беретін бағытының бірі – дін мен дәстүр бағыты. Әрқашан біз діни мерекелерімізді дәстүріміздегі мерекелермен сабақтастыра отырып, елімізге кеңінен насихаттап келеміз. Өйткені біздің салт-дәстүріміз тұнып тұрған ислам діні екенін де көреміз», — деп атап өтті бас мүфти.

Сондай-ақ ол тәулік бойы жұмыс істейтін діни ақпарат беру орталығының ашылғанын алға тартты.

«Егер оразаға, жалпы діни мәселеге қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан діни ақпарат беру орталығы ашылғанын қаперлеріңізге салғым келеді. Жамағаттың сұрағына дер кезінде жауап беретін орталықтың нөмірі: 33-30-30. Орталыққа Нұр-Сұлтан қаласының кодын теру арқылы телефон шалуға болады. Дін саланың білікті мамандары тәулік бойы қазақ және орыс тілдерінде сұрақтарға жауап береді», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Жапония – ең жылдам қартайып бара жатқан ел

Жапонияда өткен жылы туу көрсеткіші рекорд дәрежеде төмен болған. Күншығыс елі – әлемдегі ең жылдам …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.