Рақымшылық туралы құжатта қандай ерекшеліктер қамтылған

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Рақымшылық жасау туралы» заң жобасының ерекшеліктері айтылды.

«Бұл заң жобасының өз ерекшеліктері де бар. Бұрын болған рақымшылық кезінде айыпталушы міндетті түрде келтірілген шығынды өтеуі тиіс еді. Бұл жолы келтірілген залал өтелген соң ғана рақымшылық жасалады деген талап қойылмайды. Алайда мүлік иесі материалдық шығынды сот арқылы азаматтық-құқықтық тәртіпте өндіріп алуға құқылы», — деді сенатор Ләззат Сүлеймен.

Сонымен қатар ол құжатта қамтылған тағы бір ерекшелікке тоқталды.

«Бұған дейінгі қалыптасқан тәжірибе бойынша бас бостандығынан айыру мекемесінде жазасын өтеп жатқан адамға рақымшылық жасау үшін міндетті түрде оның жүріс-тұрысы, тәртібі ескерілетін. Жазаны өтеу тәртiбiн қасақана бұзушы сотталған адамдарға рақымшылық қолданылмайтын.

Ұсынып отырған Заң жобасында ондай талаптар жоқ. Бұдан басқа, алдағы уақытта қаңтар оқиғасындағы қылмыстар ашылатын болса және осы заң жобасында көзделген баптарға сәйкес соттылық болған жағдайда ол бойынша рақымшылық жасалады», — деді депутат.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Әділет министрлігінің тағы бір қызметі egov.kz сайтында онлайн түрде қолжетімді болды

Әділет министрлігінің Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу жөніндегі қызметі egov.kz сайтында қолжетімді …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *