ПТР-тест тапсырған соң Ashyq жүйесіндегі мәртебе өзгермесе, не істеу керек?

ПТР-тест нәтижесі 6-24 сағат ішінде дайын болады.

Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева ПТР-тест тапсырған соң оның нәтижесіне байланысты Ashyq жүйесіндегі мәртебе өзгермесе, қайда жүгінуге болатынын түсіндірді.

«ПТР-тест нәтижесі кейбір зертханада келіп түскен сынамалардың санына байланысты 6 сағаттан бір тәулікке дейін шығуы мүмкін. Кейін сол бір тәуліктің ішінде зерттеу нәтижесі шығып, ол біріктірілген ақпарат жүйесіне жіберіледі. Осы бірыңғай ақпарат жүйесіне Ashyq жобасы байланыстырылған. Кей жағдайда көптеген себепке, науқастардың ЖСН нөмірінің дұрыс берілмеуі сияқты қателіктерге байланысты кешіктірілуі мүмкін. Зертханаға сынама тапсырылған кезде ЖСН беріледі, дұрыс теріледі. Ондай сұрақтар бүгінгі күні болмауы тиіс. Бірақ, осындай мәселелер болатын болса, біз жеке бақылап, нәтижесін БАҚ өкілдерімен бөлісуімізге болады», – деді медицина ғылымдарының кандидаты Айнагүл Қуатбаева.

Сондай-ақ, ұлттық орталық өкілі осы мәселеге байланысты министрлікпен бірге арнайы мамандар даярлап, бірге жұмыс атқарып жатқанын айтты. Бұл мамандар нақты себепті анықтап, Ashyq жүйесіндегі мәртебені өзгертуге көмектеседі.

«Осындай мәселеге тап болған азаматтар менімен тікелей байланыста болса, біздің құзырымызда екі дайын маман бар. Әрбір өңірдегі барлық зертханамен байланыстамыз. Мәселені тікелей шешуге көмектесіп жатырмыз. Ондай мәселе мүлдем жоқ деп те айтпаймыз. Соның барлығын шешуге дайынбыз. Бұл техникалық ақауларға, кей жерде интернеттің ұстамауымен байланысты болуы мүмкін», – деп түсіндірді Айнагүл Қуатбаева.

informburo.kz

Автор: Корреспондент

Читайте также

«Сарыарқа» газ құбырының қуаты Нұр-Сұлтан мен Қарағандыға ғана жетеді – энергетика министрі

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов БАҚ өкілдеріне елдің солтүстігі мен шығысындағы өңірлерді газдандыру мүмкіндіктері туралы …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.