Воскресенье, 3.07.2022

ПТР-тест қате шығуы мүмкін бе?

ПТР-тест – полимеразды тізбектік реакция. Адам ағзасында коронавирус бар-жоғын анықтайтын зертханалық әдіс. Өткен ғасырдың 80-жылдары пайда болған. Егер коронавирус болмаса, адамзаттың көпшілігі мұның не екенін білмес те еді. Десе де күнделікті өмірде, қызметтік өндірісте, әсіресе, криминалистикада қолданылатын әдістердің бірі-тұғын.

Сонымен коронавирусты анықтауға қолданыла бастаған ПТР-тест қате шығуы мүмкін бе?

Жауабы – мүмкін. Әлемде бірде-бір идеал тестілеу мен сынақ-жүйе жоқ. Демек ПТР-тест те қате шығуы мүмкін.

Мәселен ПТР-тестіні сынақтан өткізген Аустралия ғалымдары бұл тестінің қате нәтиже шығарғанын байқаған. Яғни, адам ағзасында SARS-CoV-2 вирусы барын таба алмаған.

Тестінің бұлай қате шығару себебі көп. Негізінен зертханада қате кетеді. ПТР өте сезімтал. Вируспен бірге басқа бір компонент араласып кетсе, реагент дұрыс болмаса, фермент не бояғыш қосылып кетсе, тестілеу материалы дұрыс алынбаса, басқа тестілеудің элементтері қосылып кетсе – соның бәрі тестінің қате шығуына әкеледі. Зертхананың өзінде құжаттама жұмысы дұрыс жолға қойылмаса, ол да кері әсер етуі мүмкін.

COVID-19 жұқтырып жазылып шыққан адамнан, вакцина салдырған адамнан да ПТР тест вирус табуы мүмкін.

Ғалымдардың есебінше, ПТР тестінің қате шығу жиілігі шамамен 0,8-4,0%. Кейде 0%-дан 16, 7%-ға дейін баруы мүмкін.

massaget.kz

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстанда оқу жылын тағы бір айға созу ұсынылды

Зерттеу нәтижесі ұзақ үзілістің балалардың материалды есте сақтау қабілетіне кері әсер ететінін көрсеткен. Елде оқу …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.