Новости

Президенттің тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығын несиелеуге 1 триллион теңге бөлінді

Ақорда мәлімдегендей, Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл ауыл шаруашылығы саласына жеңілдетілген несие беру үшін 1 триллион теңге көлемінде қаржы қарастырылды. Бұл — агросаланы қолдауға бағытталған бұрын-соңды болмаған ауқымды шара.

Ақмола облысына жұмыс сапары барысында президент ел диқандарына қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіріп, олардың кәсібилігі мен табандылығын жоғары бағалады.

«Егін жинау науқаны кезінде сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, төзімділіктеріңіз бен отаншылдық қасиеттеріңіз үлкен сыннан өтеді. Қиын ауа райына қарамастан, жоғары нәтижеге жетіп келесіздер. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі нығайып, ауылдағы өмір сапасы жақсарып, экономика дами түсуде», – деді Мемлекет басшысы.

Президент сонымен қатар ауыл шаруашылығына көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижелер бере бастағанын атап өтті. Агротехнологиялар кеңінен енгізіліп, өнімділік деңгейі артты. Ол бұған дейін саланың жалпы өнім көлемін екі есе арттыру туралы тапсырма бергенін еске салып, осы бағыттағы жұмыстардың қарқынын бәсеңдетпеу қажет екенін айтты.

Статьи по теме

Back to top button