
Новости
Президент Кемел Тоқаевтың есімі берілген №33 мектеп-гимназияға барды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Бішкектегі №33 мектеп-гимназияны бірге аралап шықты.

Бұл ғимарат соғыс жылдарында Фрунзе жаяу әскер училищесі ретінде пайдаланылған. Дәл осы жерден Қазақстан Президентінің әкесі – жазушы және соғыс ардагері Кемел Тоқаев майданға аттанған.
Биыл мамырда Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров бұл білім беру мекемесіне Кемел Тоқаевтың есімін беру туралы ұсыныс жасаған болатын.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев мектептің мұғалімдерімен және оқушыларымен тілдесті.




