Новости

Президент Астана қаласындағы ҰҚК департаментінің жаңа ғимаратын барып көрді.

Мемлекет басшысы Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің жаңа ғимаратын барып көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жедел басқару орталығы, қызметкерлерге арналған жұмыс орындары мен заманауи жабдықталған қызметтік бөлмелер көрсетілді.

Президент жаңа нысанның елорда тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті материалдық-техникалық мүмкіндіктермен толықтай қамтамасыз етілгенін атап өтіп, құрылыс сапасына жоғары баға берді.

Статьи по теме

Back to top button