
Новости
Полиция Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады: жанжалдың соңы төбелеске ұласқан.
Өткен түні елордада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров көз жұмды.
Құзырлы органдардың мәліметінше, бұл оқиға бойынша адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалған.
«Алдын ала деректерге сәйкес, бұрыннан таныс адамдар арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақатынан көз жұмды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Ол 2019–2022 жылдары қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
