Понедельник, 16.05.2022

Полиция қай өңірлерде үй аралап, құжат пен көлік тексереді?

19 қаңтарда төтенше жағдай режимі толығымен жойылды, бірақ полиция арнайы бұйрық алғанға дейін тексеруді жалғастырады.

15 қаңтардан бастап төтенше жағдай режимі тоқтатылған өңірлерде “құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қаңтардан бастап жедел-алдын алу шарасы төтенше жағдай режимі тоқтатылған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында өткізіледі. Іс-шараның негізгі мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.

Заңнамаға сәйкес ішкі істер органдары жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде жүзеге асырады:

  • көлік құралдарын, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды және заттарын жеке тексеру;
  • жалдамалы пәтер, үй, хостел, саяжай, базар, техникалық қызмет көрсету станциясы, шаруа және фермер қожалықтарын, шалғайдағы учаскелерді, қыстақтарды тексеру;
  • атыс, травматикалық және суық қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды тәркілеу;
  • белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтау;
  • бұрын сотталған және ішкі істер органдарында есепте тұрған өзге де адамдарды тексеру.

«Ішкі істер министрлігі азаматтарды жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуге түсіністікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің талабы бойынша құжаттарды көрсетуге шақырады», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, жаппай тәртіпсіздік кезінде тұтқындалғандардың мыңнан астамының әлі қамауда отырғаны туралы хабарлаған едік. 1 653 іс бойынша сот айыппұл салды.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Случаи гибели на воде участились в Карагандинской области

За минувшие выходные в Карагандинском регионе случилось несколько происшествий на воде. Сотрудниками ДЧС спасено 4 …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.