Без рубрикиХабар

PISA: қазақстандық оқушылардың білім деңгейі айтарлықтай жоғарылаған

Қазақстанның атынан PISA зерттеуіне 270 мектеп пен колледж қатысқан.

Мектептерге арналған PISA аппробациялық зерттеуінің ерекшелігі тест нәтижесі мемлекет деңгейінде ғана емес, әр қатысқан мектеп пен колледж бойынша есептеледі. Қазақстан әлемнің 14 елі қатысып отырған пилоттық зерттеудің валидациялық кезеңінен сәтті өтті, деп мәлімдеді “Ақпараттық-сараптамалық орталық” АҚ басқарма төрағасы Мағжан Аманғазы.

Қазақстанның атынан PISA зерттеуіне 270 мектеп пен колледж қатысқан. Зерттеу қорытындысы бойынша 64 жеке және 45 топтық есеп дайындалды. Сонымен қатар, жалпы елдер нәтижесі бойынша ортақ аналитикалық есеп әзірленді.

“Мектептерге арналған PISA зерттеуі үш жылда бір рет өтетін PISA зерттеуінің негізінде әзірленген. Сондықтан осы екі зерттеу нәтижесін бір-бірімен толыққанды салыстыруға болады. Ел нәтижесіне тоқталсақ, 2018 жылмен салыстырғанда зерттеудің барлық үш бағыты бойынша оң динамика байқап отырмыз. Атап айтқанда оқу сауаттылығы бойынша нәтиже – 30 ұпай, математика бойынша – 24 ұпай және жаратылыстану бағыты бойынша 11 ұпайға өскенін көріп отырмыз”, – деді Мағжан Аманғазы.

Осылайша функционалдық сауаттылығы төмен білім алушылардың үлесі 2018 жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген.

“Оқу сауаттылығы бойынша екінші деңгейден төмен нәтиже көрсеткен білім алушылардың үлесі 18,3% азайды. Математика бойынша – 10,2%, ал жаратылыстану бағыты бойынша 2,2% төмендеп отыр”, – деп қосты басқарма жетекшісі.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button