Пәтер аларда құрылыс компаниясын қалай таңдау керек?

Кез келген арзан нәрсе күдік тудырып, мәміле жасаудан бұрын ойлану қажет.

Салынып жатқан тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алып, ақша мен баспанадан айырылып қалмау үшін не істеу керек? Алаяқтардан қалай қорғануға болады?

Krisha.kz Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының төрағасы Виктор Микрюковпен бірге құрылыс компаниясын дұрыс таңдау жолдарын ұсынды.

Үлескерлік құрылыс шарты

«Ең бірінші құрылыс компаниясында бірыңғай оператордың кепілдігі немесе үлескерлерден қаражат тартуға әкімдіктің рұқсаты бар ма, соны тексеру керек. Бұл құрылыс компаниясы банкротқа ұшыраған жағдайда да тұрғын үй кешенінің аяқталатынына кепілдік береді. Құрылыс компаниясы бұл құжаттарды алу үшін қатаң тексерулерден өтеді», – дейді сарапшы.

Кепілдіктер тізімі Қазақстан тұрғын үй компаниясының сайтында жарияланған. Рұқсаттарды қала әкімдіктерінің сайттарынан табуға болады.

Алматыда +7 (727) 229-81-36 сенім телефоны жұмыс істейді. Хабарласып, құрылыс компаниясында барлық қажетті құжаттардың бар-жоғын білуге ​​болады. Телефон жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар Krisha.kz сайтында да компания туралы толық ақпаратты көруге болады.

Бағасы

«Тұрғын үйдің құнын қараңыз. Шартты түрде бұл бизнес немесе комфорт санатындағы пәтер болса және 1 шаршы метрі үшін 330 мың теңгеден төмен баға ұсынса, ойлану керек. Мұндай жағдайда ақша жоғалту тәуекелі жоғары. Егер құрылыс компаниясы бағаны асыра төмендетсе, қолма-қол ақша жинап, қашып кету үшін әдейі жасап отырған болуы мүмкін», – дейді сарапшы.

Елімізде құрылыс құны шаршы метрі үшін 260-280 мың теңгені құрайды. Сату бағасы одан да жоғары болады. Кез келген арзан нәрсе күдік тудырып, мәміле жасаудан бұрын ойлану қажет.
Компания тарихы

«Компанияның өзіне, брендіне, тәжірибесіне, тарихына қарау керек. Қанша нысан салған, бұрын аяқталмаған немесе құрылыста қиындықтар болған нысаны бар ма? Егер бұл компанияның нақты аты болмаса және ол туралы ешкім білмесе, ақшаңызды жоғалту ықтималдығы – 90 пайыз», – дейді сарапшы.

Құрылыс компаниясы ​​нарықта неғұрлым ұзақ болса және оның табысты жобалары неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы.

Тұрғын үй кешені туралы құжаттар

«Тәуекелге баруға дайын болсаңыз, құрылыс компаниясында нақты сіз сатып алғалы отырған тұрғын үй кешенін салуға рұқсаттардың бар-жоғын қарау керек. Егер құжат жоқ болса, онда сіз 100 пайыз ықтималдықпен ақша жоғалтуыңыз мүмкін», – дейді сарапшы.

Құрылыс компаниясында келесі құжаттар болуы керек:

мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
жер учаскесіне құқық: жалдау немесе меншік құқығы;
мердігер/бас мердігер туралы негізгі мәліметтер;
жұмыс жобасының мемлекеттік сараптамасы;
жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес объектінің орналасуы мен сипаттамасы;
құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарлама;
нысан құрылысының аяқталу мерзімі туралы ақпарат.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қарағанды, Атырау және Сарыағашта диабет орталығы ашылады

Қазіргі таңда мұндай орталықтар Талдықорған, Өскемен, Орал және Алматы қалаларында жұмыс істейді. Қазақстанда соңғы 15 …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *