Хабар

Оскар-2022: Кім үздік режиссер атанады?

2021 жылы Хлоя Чжао ең үздік режиссер атанған болатын.

“Үздік режиссер” – “Оскар” жүлдесінің ең басты номинациясы. Informburo.kz IVI онлайн-кинотеатрымен бірге тоқсан төртінші “Оскар” марапаттау рәсімінде жүлде алуы мүмкін үміткерлермен таныстырады.

Кеннет Брана

“Белфаст” фильмі

Сэр Кеннет Чарльз Брана – режиссер, театр және кино актері, сценарист және продюсер, Корольдік драмалық өнер академиясының президенті. Ол Шекспир пьесаларының бірқатар көрнекті бейімделулерінің арқасында Шекспиртанушыға айналды. Кейіпкерлердің тарихи контекстіне еніп, оқиғаларды заманауи жолмен қайта қарастыру идеясы оған жақын емес.

Режиссер ағылшын детектив классикасын ұнатқанымен “Белфаст” өмірбаяндық материал. Фильмнің басты кейіпкері –тоғыз жасында Солтүстік Ирландиядан қашып кеткен жас Кеннет Брананың елесі. Азаматтық соғыс оқиғалары кішкентай адамның трагедияларың декорациясы және болашақ шығармашылық табыстың негізі ретінде көрсетіледі. Бір қызығы, детективке деген махаббат мұнда да көрініс тапқан: фильм кішкентай кейіпкерлер жасыра алатын жасырын қозғалыстармен үйлеседі, сондықтан ересектерге арналған ащы драма балалар үшін көркем ертегіге айналған.

Режиссердің бұрынғы аңызға айналған жұмыстары: “Шығыс экспрестегі өлім” (мұнда ол детектив Эркюль Пуараны да ойнады), “Тор”, “Күлшеқыз” (қазақша дубляжы бар).

Рюсуке Хамагути

“Көлігімді айда” фильмі

Оны жылдың ең сәнді жапон режиссері деп атайды. “Көлігімді айда” – Харуки Муракамидің әңгімесінің желісімен түсірілген фильм. Картинаны Канн фестивалінде көрермендер қошеметпен қарсы алынды. Драма театр режиссері мен жүргізуші қызының құпиясы, өкініштері және кінәсінің ауыртпалығы бар өткен өмірден қашып кету әрекеттері туралы баяндайды. Өз фильмдерінде Рюсуке Хамагути Кассаветистің үлгісіне сүйене отырып, кейіпкерлердің эмоциялары мен сезімдеріне ерекше назар аударады. Бір қызығы, түсірілім кезінде эмоция барынша көрініс табу үшін Хамагути актерлерден мәтінді оқу кезінде эмоциясын айтуды сұрайды. Осылайша актерлер эмоцияны қалай бейнелеуді ойламай, рөлге тереңірек енеді.

Режиссердің 2021 жылғы тағы бір жарқын жұмысы – әлемдік сыншылардың жоғары бағасына ие болған және Берлин кинофестивалінің қазылар алқасының Гран-при жүлдесін алған “Кездейсоқтық және жұмбақ” фильмі. Бұл кездейсоқ сәйкессіздіктерді бастан өткерген әйелдер туралы үш көркем киноновелла. Екі фильмде де режиссер феминизм мәселелеріне қатысты барлық күйзелістері мен күрделі тағдырлары көрсетілген әйел бейнелерін ашуға тырысады.

Пол Томас Андерсон

“Қызылмия пицца” фильмі

Кейбір кинорежиссерлер Пол Андерсонды 21 ғасырдың бас режиссері деп атайды. “Мұнайдан” бастап “Мастерге” дейінгі фильмдері әлем киносы тарихында орны бар.

“Қызылмия пицца” фильмінде 15 жасар Гэри Валентайн 25 жастағы Аланаға ғашық болған есею мен алғашқы махаббат туралы ерекше оқиғаны баяндайды. “Магнолия”,” Буги түндері” және қазір “Қызылмия пицца” – белгілі бір Лос-Анджелес трилогиясы болып табылады. Бұл фильмдердегі қала жеке кейіпкерге, кино мен өмірдің эпицентріне айналады. Режиссер әр картинаны ерекше түсіреді, фильмнен фильмге кейіпкерлердің техникасы, тақырыптары мен портреттері өзгереді. “Оскар” жүлдесіне үміткер картинасы режиссер жетістігінің құпиясын түсіну үшін Андерсон әлеміне тереңірек енуге тамаша себеп. Шәлкез мінезді кутюрье Рейнольдс Вудкок туралы “Елесті жіп”, Хоакин Феникстің тағы бір керемет актерлік шеберлігінің көрінісі болған “Туа біткен кемістік”, “Мұнай” – Эптон Синклердің отбасы, дін, жеккөрушілік және ақылсыздық туралы романының экранизациясы.

Джейн Кэмпион

“Иттің билігі” фильмі

Джейн Кэпмион биылғы “Оскар” жүлдесінің “Үздік режиссер” номинациясының шортлистіне енген жалғыз әйел. “Иттің билігі” неовестерні екі түрлі ранчо иелері туралы оқиғаны баяндайды. Олардың біреуі үйленемін деп шешеді, ал екіншісі (Бенедикт Камбербэтч) жұпты бөлу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды. Бұл Джейн Кэмпионның алғашқы үлкен жұмысы емес. Ол “Пианино” драмасының қойылымымен танымал. Кэмпион – Канн кинофестивалінің “Алтын пальма бұтағын” жеңіп алған алғашқы әйел режиссер. Сондай-ақ, көрермен Сьюзан Мурдың романының көптен күткен экранизациясы – “Іңкәрліктің теріс жағы” психологиялық триллерін жоғары бағалады. Кейт Уинслет және Харви Кейтель сияқты Голливуд жұлдыздары ойнаған “Қасиетті түтін” комедиялық драмасы Венеция кинофестивалінде жүлде алды.

Джейн Кэмпион негізінен әйелдер туралы фильмдер түсірді, ал “Иттің билігі” фильмінің басты кейіпкерлері ер адам болса да, Кирстен Дансттың кейіпкері бірінші орынға шығады.

Стивен Спилберг

“Батыс жақтағы оқиға” фильмі

Жаңа Голливуд деп аталатын кезеңнің ең сәтті өкілдерінің бірі, өзі де классик атанған режиссер. Мансабында Спилберг әңгімелердің бірегейлігін сақтап, оларды белгілі бір стильге бейімдемей, әрқайсысын әртүрлі режиссердің қолынан шыққандай фильмдер түсіруге тырысады. Сондықтан оның шығармашылығы әртүрлі жанрларға толы: “Индиана Джонстың шытырман оқиғалары”, “Юра кезеңі паркі” және “Бас сүйектер”, блокбастерлер – “Әлемдер соғысы”, “Шиндлер тізімі’ және “Мюнхен” тарихи драмалары. Тіпті балалар ұнататын – “Өзгепланеталық”, “Өткенге оралу” және “Үлкен де мейірімді дәу”.

Бұл жолы Стивен Спилберг Ромео мен Джульетта пайда болатын Нью-Йорктің қараңғы жерлерінде көше бандаларының соғысы туралы бродвей мюзиклінің жаңа нұсқасын жасауға шешім қабылдағанына таң қалмаймыз. “Оскар” қарсаңында біз IVI-де режиссердің жан-жақты фильмографиясымен танысуды ұсынамыз, өйткені ол ойын-сауық киносының бейнесін мәңгі өзгерткен. Спилберг фильмдерінің ерекше көркемдік жағына назар аударыңыз, көптеген фильмде, соның ішінде “Батыс жақтағы оқиға” картинасында Спилбергтің көпжылдық серіктесі, оператор Януш Каминский жұмыс істеді.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button