Среда, 16.06.2021

Оқушыларды қашықтан оқыту вирус жұқтыруды 50 пайыз төмендетті – Жеңіс Қасымбек

Қарағанды облысында мектеп оқушыларын қашықтан оқу режиміне көшіру сырқаттанушылық деңгейін 50 пайыздан астамға төмендетуге мүмкіндік берді.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 17 мамырындағы жағдай бойынша Қарағанды облысында коронавирус инфекциясының 28 222 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Репродуктивтілік саны 1,16 құрайды. Облыста 4 899 инфекциялық төсек-орын бар. Оның ішінде 399 реанимациялық төсек-орын қарастырылған. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі 34 пайыз болса, реанимациялық төсек-орын жүктемесі 19 пайызды құрайды. 2020 жылы коронавирус инфекциясы жаңа толқынына дайындықтың жедел жоспарын іске асыру инфекциялық госпиталь ретінде бейімделген ғимараттардан бас тартып, коронавирс кезінде медициналық көмек көрсету стандарттарына сай келетін нысандарды ғана пайдалануға мүмкіндік берді»,— деді ол.

Өңір басшының айтуынша, стационарлар мен емханаларда дәрілік заттар мен жеке қорғаныс құралдарының үш айлық қоры қамтамасыз етілген.

«Эпидемияға қарсы қабылданған іс-шаралар аурудың тез өсуіне жол бермеді. Осылайша, аймақтың денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің күрт артуына жол берілген жоқ. Шектеу шаралары ұйымдасқан еңбек ұжымдарында, бірінші кезекте жүйе құраушы кәсіпорындарда олардың әдеттегі жұмыс режимін сақтай отырып, ауру ошақтарына пайда болуын азайтуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта облыста үй ошақтары басым. Бұл ретте негізгі жүктеме 800 мыңнан астам тұрғыны бар Қарағанды қаласы мен 4 серіктес қаланың аумағына түседі. Қарағанды агломерациясы аясында карантин іс-шараларын күшейте отырып, облыстың басқа өңірлеріне инфекцияның таралуын тежей аламыз. Мектеп оқушыларын қашықтан оқу режиміне көшіру сырқаттанушылық деңгейін 50 пайыздан астамға төмендетуге мүмкіндік берді»,— деді Жеңіс Қасымбек.

Оның дерегінше, өңірде 70 189 адам толық вакцина алды. Бірінші компонентпен 144 352 қамтылды. Бекітілген мерзімге сәйкес, мамыр айының соңына дейін 105 мың облыс тұрғынын вакцинациялау толығымен аяқталады.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қарағанды облысында көшпелі мәдениет фестивалі басталды

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» фестивалі басталды. Aлғаш рет өткізіліп жатқан шара жаздың …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *