Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады – вице-министр

Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Шолпан Каринова Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Оқу-ағарту министрінің жаңа 2022-2023 оқу жылын бастау жөніндегі бұйрығы қабылданды. Жаңа оқу жылы 36 оқу аптасынан тұрады. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталады. Жаз бойы балалар демалады, — деп жазды Шолпан Каринова.

Вице-министрдің айтуынша, оқу жылындағы демалыс күндері келесідей болады:

— 1–11 сыныптарда:

күзгі – 7 күн (2022 жылғы 31 қазаннан 6 қарашаға дейін),

қысқы – 9 күн (2022 жылғы 31 желтоқсаннан 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін), көктемгі – 9 күн (2023 жылғы 18 наурыздан 26 наурызға дейін);

— 1 сыныптарда қосымша демалыс – 7 күн (2023 жылғы 6 ақпаннан 12 ақпанға дейін).

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан мектептерінде патриотизм туралы жаңа сабақ өтеді.

Енді қазақ тілінде оқитын мектептерде 1-сынып оқушысы бір ғана тілді, яғни қазақ тілін меңгереді.

Автор: Корреспондент

Читайте также

2023 жылдан бастап зейнетақы мөлшері қалай өзгереді?

Зейнетақының ең жоғары мөлшері 100 пайыздан 120 пайызына дейін кезең-кезеңімен арттырылатын болады. 2023 жылдың 1 …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.