Оқу министрлігі Мұғалімдер күніне орай үздік құттықтауға байқау жариялады

«Ұстазыңды ұлықта» байқауына мектеп оқушыларымен қатар, кез келген адам қатыса алады.

Оқу-ағарту министрлігі Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында «Ұстазыңды құттықта» байқауын жариялады. Оған мектепте оқушылары да, сондай-ақ ұстаздарына алғысы мен тілегін білдіргісі келетін кез келген адам да қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін Instagram, Facebook, TikTok әлеуметтік желілерінде #ұстаздаркүні #ұстазыңдықұттықта #деньучителя #поздравьсвоегоучителя хэштегімен мәтін, фото немесе бейне құттықтау жариялау қажет.

Байқау 2022 жылғы 2 қазанына дейін жалғасып, қорытындысы 3 қазанда шығарылады. Ең қызықты, креативті құттықтаудың авторлары Оқу-ағарту министрлігінен естелік сыйлықтар алады.

Автор: Корреспондент

Читайте также

«Бақытты отбасы» ипотекасына қатыса алатын отбасы санаттары артты

Енді бағдарламаға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, I және II топтағы мүгедектер де қатыса …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.