Несие шартын өзгерту үшін не істеу керек?

Жылдың алғашқы жартысында ел азаматтарынан қаржы ұйымдарына қатысты 16 мың арыз-шағым түскен. Арнайы талдау мен мониторинг көрсеткендей, келіп түскен шағымның 70 пайыздан астамы банк секторына бағытталған.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, банк секторына байланысты шағымдар саны 11 мыңнан асады және бұл 2021 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда 1,7 есе көп.

«2021 жылы банк сек­торы бойынша 33 мың­нан астам арыз түсті. Қа­рыз алушылардың кө­бі не­гізінен өз займдарын қай­та құ­рылымдау немесе қайта қар­­жыландыру бойынша хабар­ласады. Сондай-ақ қар­жы секторы бойынша нор­мативтік құ­қықтық ак­тілерді түсіндіруге қа­тыс­­ты да сұрақ қоятындар бар­­шылық. Бұл цифрларға қа­рап ел тұрғындарының бә­рінің бірдей өздерінің қар­жылық мүмкіндігі мен тәуе­келін бағалай алмағанын байқаймыз. Кредит қанша жерден қолайлы қаржы құ­ралы болса да, оны дұрыс пайдалануды және займ алу кезінде мұқият мән беруді қалыптастыру керек. Несие алмас бұрын өз кірісіңізді, тәуекеліңізді бағалаған жөн. Ал несие келісімшартын оқу ке­зінде оның әрбір тармағы мен бө­ліміне мән беріп, қажет болған жағдайда қосымша кеңес алу қажет. Өйткені не­сиенің кез келген түрі – үлкен жауапкершілік», дейді агенттік өкілі Александр Терентьев.

Қаржы қызметтерін тұ­ты­ну­­шылардың құқығын қорғау мақсатында агенттік заңнамаға бірқатар түзету енгізді және өткен жыл­дың қазан айынан бас­тап несиелік ұйымдардың төлем қабілетінсіз қарыз алушы – жеке тұлғалардың қа­рыз­дарын реттеудің бірың­ғай тәртібі жұмыс істей бас­тады. Яғни банктер мен микро­қаржы ұйымдары мер­зімі өткен берешек туралы қарыз алушыны берешек басталған күннен кейін 20 күн ішінде хабардар етуге міндетті. Хабарландыру ішін­де мына жайттар айтылуға тиіс:

1) Туындаған кешіктіру­дің нақты сомасын көрсете отырып, төлемдерді жүзеге асыру қажет­тілігі туралы;

2) Қарыз алушы – жеке тұл­ғаның кредиторға хабарласуы;

3) Несиелер мен микро­кре­дит­тер бойынша өз мін­дет­темелерін орында­маудың салдары туралы.

«Егер сіз займ бойынша өз мін­деттемеңізді орындай алмай­тын болсаңыз, онда банк немесе МҚҰ ұйы­мына ха­бар­­ласуыңыз керек. Кредитордан қашуға бол­майды. Тығырықтан шығып кету – сіздің ғана емес, кре­ди­­тор­дың да мүддесі. Сон­дықтан қа­­рызды шешу бойынша шаралар неғұрлым тез қабылданса, со­ғұрлым қарызды өтеудің өзара қо­лайлы нұсқасы тезірек табылады», деді А.Терентьев.

Агенттік мәліметі бойынша, 2022 жылдың басынан бері қар­жы ұйымдары жасалған келі­­сімшарттардың шарттарын өзгер­ту бойын­ша 68 мың­нан астам қа­рыз алушы хабар­ласқан. Олар­дың қарыз мөл­шері 123,5 млрд теңгені құра­ған. Ша­ғымдарды қарастыру нәти­­жесінде 40 мыңдай жеке тұл­ғаның өтініштері қабыл­дан­ған. Өзге шағымдар бойынша жұмыс жүр­гізіліп жатыр.

Дереккөз: egemen.kz

Автор: Корреспондент

Читайте также

«Бақытты отбасы» ипотекасына қатыса алатын отбасы санаттары артты

Енді бағдарламаға жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, I және II топтағы мүгедектер де қатыса …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.