
Новости
Негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгереді
Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының алғашқы отырысында сөйлеген сөзінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға елеулі өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті.
Президенттің айтуынша, Парламент – елдің саяси жүйесінің өзегі, сондықтан алдағы реформалар аясында Ата заңның шамамен 40 бабына түзетулер енгізу көзделіп отыр. Бұдан бөлек, кемінде 10 конституциялық заң мен 50-ден астам кодекс пен заңдарға өзгеріс енгізу қажет болады.
– Бұл ауқымды жұмыс, тіпті жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар деуге болады. Мұндай өзгерістерді бір сәтте іске асыру мүмкін емес. Барлығы мұқият дайындықты талап етеді, – деді Тоқаев.


