Хабар

Наурыз тойлау шариғатқа қайшы ма? ҚМДБ жауабы

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлау шариғатқа қайшы ма? Бұл сұраққа ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі өкілдері жауап берді.

Көшпенді қазақ өркениетінің ұлттық нышандарының бірі – Наурыз мерекесі. “Наурыз” сөзі парсы тілінен аударғанда “жаңа күн” деген мағынаны білдіреді. Бұл мерекенің шығу тарихын кейбір ғалымдар зороастризм дініндегі отқа табынумен байланыстырса, Мәшһүр Жүсіп “Нұх, Наурыз тарихы” атты еңбегінде Ашура мен Наурыздың шығу тегі бір екенін көрсеткен. Әдебиетші ғалымдар мен өнертанушылар Наурыз мерекесін қазақ халқы ислам дінін қабылдамастан бұрын тойлағанын айтады.

“Олардың айтуынша, Наурыз мейрамы – қазақ халқының көшпелі тұрмысының қуанышты кездерін бейнелейтін ұлық мереке. Белгілі әдебиеттанушы ғалым Мекемтас Мырзахметов “Наурыз мерекесін көшпелі түркі жұрты зороастризм сенімінен бұрын тойлаған” деп, оған дәлел ретінде көне “Афрасиаб” жырын мысалға келтіреді. “Афрасиаб жырында көшпелілер көктем шыға ұлыстың ұлы күнін тойлаған. Ал “наурыз” – Иран мәдениетінен Тұран мәдениетіне сіңіскен термин. Яғни, көшпелі түркі жұртының ұлыстың ұлы күнін тойлауы “наурыз” терминімен бекітілгенмен мазмұн тұрғысынан алып қарағанда ежелден түркі жұртында бар дәстүр” дейді ғалым”, – делінген хабарламада.

Пәтуа кітаптарында неге “Наурызды тойлау – күпірлік” деп жазылған?

Ертеде шығыс халықтары 21 наурызда түнде отты алаулатып жағып, жаңа жылды жарықпен қарсы алатын болған. Осы күнге дейін парсы тектес ұлыстар Наурыз мерекесінде отты маздатып жағып, үстінен секіріп, өздерін пәле-жаладан тазартып жатады. Ал қазір еліміздің Наурыз мерекесінде отты алаулатып жағуды үрдістен үзген. Себебі отқа табыну – ислам сенімі бойынша, Ұлы Жаратушыға серік қосу. Ханафи мәзһабының фиқһ және пәтуа кітаптарында кездесетін ғұламаларымыздың наурызға қатысты “тойлау харам, тойлау күпірлік” секілді үкімдері тікелей зороастризм (отқақұлдық) дініне қатысты айтылған. Яғни, зороастризм дінін ұлықтау мақсатында ритуалдарын жүзеге асыру хақ сенімге қайшы болғандықтан, бұл мерекені тойлаған кісі “күпірлікке түседі, харам іс жасағандардың қатарына жатады” деп үкім берген.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button