Хабар

Мобильді аударымдар бойынша кімдер тексеріледі?

Қазіргі таңда Қаржы министрлігі мобильді аударымның шектілік мөлшерін белгілеп жатыр.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева Atameken Business Channel арнасына берген сұхбатында осы мәселе бойынша түсініктеме берді.

“Мысалы, бір азамат бір айда әртүрлі жүз адамнан төлем қабылдаса және бұл үдеріс үш ай қатарынан қайталанса, яғни үш айда 300 әртүрлі адамнан төлем түссе, онда осындай жеке тұлғаларға қатысты сұрақтар туындауы мүмкін. Егер дәл осы шектілік мөлшер бекітілсе… Әзірге бекітілген жоқ, әлі жоба банктермен бірге талқыланып жатыр. Шектілік мөлшері бекітілген жағдайда оған төлем саны жетпесе, мұндай адамға қатысты сұрақ туындамайды”,деп түсіндірді министрлік өкілі.

Ол, сондай-ақ, 2024 жылы жеке кәсіпкерлер жалпыға бірдей декларацияға кіретінін еске салды.

“Олардың кәсіпкерлік шотына қазір қалай жұмыс істеп жатыр – cолай жалғастыруы керек. Кәсіпкерлер өзінің табысын жасырмауы тиіс. Өкінішке қарай, ондай адамдар табылады. Оларға ермеу керек. Өйткені, мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге үлкен қолдау бар”, – деді Айнұр Сартаева.

Айта кетсек, енді мобильді төлемдер тауарлар мен қызмет ақысын төлеудің заңды түрі болып саналады. Сол себепті мобильді аударымды қабылдайтын сатушылар осындай жолмен алынған кірісті салық есебінде көрсетуі керек.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button