Мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады

Халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында алдағы желтоқсан мерекелері — ҚР Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл қарсаңында қосымша үш жолаушы пойызы қосылды, деп хабарлайды novoetv.kz «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пойыздар туралы кестені жасау барысында жолаушыларды барынша кеңінен қамтуға айрықша көңіл бөлінді. Осыған байланысты мынадай жүріс кестесі белгіленген:

1) №202/201 «Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол-Шымкент» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан 2021 жылғы 15, 26, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 2 және 7 қаңтарда, кері Шымкент стансасынан 2021 жылғы 16, 27, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 3 және 8 қаңтарда жөнелтіледі.

2) №204/203 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Алматы-1» пойызы Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан 2021 жылғы 15, 27, 29 желтоқсанда, 2022 жылғы 3 және 8 қаңтарда, кері Алматы-1 стансасынан 2021 жылғы 16, 28, 30 желтоқсанда, 2022 жылғы 4 және 9 қаңтарда жөнелтіледі.

3) №206/205 «Ақтөбе-Қызылорда» пойызы Ақтөбе стансасынан 2021 жылғы 14, 18, 24, 28, 30 желтоқсан, кері Қызылорда стансасынан 2021 жылғы 15, 19, 25, 29, 31 желтоқсан жөнелтіледі.

Бұдан басқа, жолаушылар тасымалдауға жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша қосымша вагондар тіркеу ұйымдастырылады.

«Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) онлайн ресімдеуді сұрайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда теміржол билеттерін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдалану қажет.Карантин режиміне байланысты жолаушылардан жол жүргенде және еліміз вокзалдарында бетперде режимін сақтауды сұраймыз», — делінген хабарламада.

Ұлттық тасымалдаушы барлық сұрақтар бойынша бірыңғай анықтама қызметі «105» нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды (стационарлық телефоннан қоңырау тегін).

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстан жол сапасы жағынан әлемде 93-ші орында тұр – Үкімет

2022 жылы республикалық маңызы бар жолдардың 91% және жергілікті жолдардың 85% нормативтік жағдайға келтіру жоспарланған. …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.