Понедельник, 30.01.2023

Мемлекеттік қызметтердің 80% eGov mobile-ға шығарылады

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин мемлекеттік қызметтерді смартфондандырудың аралық қорытындылары туралы айтып берді.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін барлық мемлекеттік қызметтердің 80%-ы eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болады.

«Мобильді қосымша арқылы ай сайын шамамен 1,2 млн мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ал 2022 жылы eGov mobile арқылы 11 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Әзірге мобильді қосымшада 641 мемлекеттік қызмет қолжетімді, оның 167-сі – электронды үкімет сервисі мен порталының қызметтері және 474-і – жеке тұлғаларға арналған қызмет түрлері», — деді Р. Коняшкин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикер Мемлекет басшысының тапсырмасымен, 2025 жылға қарай мемлекеттік қызметтердің 100% eGov mobile мобильді қосымшасында қолжетімді болуы керегін айтты. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 80%-ға жеткізу жоспарлануда.

Айта кетейік, eGov mobile мобильді қосымшасы цифрландыру өнімдерінің бірі ретінде 2019 жылы іске қосылған.

«Қосымша қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие. Мобильді қосымшаның пайда болғалы тұрғындар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, компьютерден ғана емес, барлығы дерлік пайдаланатын ұялы телефоннан да оңай және қарапайым қызметтерді алып жүр. Өз деректеріне қол жеткізу үшін, мемлекеттік қызметтерді алу үшін азаматтарға смартфондарды пайдалану оңайырақ екенін түсіндік. Цифрлық даму министрлігімен бірге мемлекеттік қызметтерді смартфондандыруға баса назар аударамыз. Атап айтқанда, наурыз айында біз мобильді қосымшаның интерфейсін жаңарттық және оны көрсетілетін қызметті алушылар үшін қарапайым әрі түсінікті етіп жасадық, оның ішінде Цифрлық құжаттар бойынша жаңа функционал жасадық», — дейді Р. Коняшкин.

Бұған дейін Ростислав Коняшкин әскери билеттер EGOV mobile платформасына қашан шығарылатынын айтқан еді.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстанда үш жылда 1 300 шақырым жол салынбақшы

Президент «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады. Ақорданың хабарлауынша, …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *