Мемлекет мұқтаж отбасыларға жалдамалы пәтер ақысының 50%-ын төлейді

Мемлекет тұрғын үйге мұқтаж қазақстандықтар үшін жалдамалы пәтер ақысының 50%-ын төлейді, делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің telegram-арнасында.

«Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырған болатын. Осылайша, 18 сәуір күні біз жалдамалы пәтер ақысын субсидиялауға өтінімдер қабылдауды бастап кеттік. Алайда, бұған дейін бағдарламаны 2022 жылдың мамыр айында іске қосу жоспарланған болатын. Аталған бағдарлама отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы айына бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасыларға жалдамалы пәтер ақысының 50%-ын төлеуді көздейді. Бағдарламаның операторы — «Отбасы банкі», — деп жазды ведомство.

Еңбек министрлігінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда елімізде 590 мыңға жуық кезекте тұрған азамат бар, олардың 210 мыңы әлеуметтік осал топтарға жатады. Олардың ішінде, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 70 мыңға жуық қазақстандық бар.

Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке тұрғын үй қорынан жалға алынатын тұрғын үй үшін төлемдерді тағайындау қағидалары әзірленген.

«Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында әріптестерім тұрғын үй төлемдеріне өтінім беру механизмі және субсидиялау қағидалары туралы егжей-тегжейлі айтып берген болатын. Осылайша, көпбалалы отбасылар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мемлекет тарапынан қолдауға ие бола алады. Халыққа ыңғайлы болу үшін біз өтінімдерді қабылдау бойынша цифрлық платформаны іске қостық. Осылайша барлық процесс otbasybank.kz порталында онлайн жүзеге асырылады. Өтініш берушілердің барлық талапқа сәйкестігі басқа ведомстволардың деректер базасымен интеграциялау арқылы тексерілетін болады», — дейді министр Қайырбек Өскенбаев.

Ол осы ретте төлемдерді субсидиялауға өтінімдер қабылдау процесін тұрақты бақылауыда ұстайтынын ерекше атап өткен.

Сондай-ақ күнделікті «Отбасы банкіне» келіп түсіп жатқан өтінімдер бойынша қаншасы мақұлданып, қанша өтінім кері қайтарылғандығы жөнінде сандарды саралап, мониторинг жасап отырмақ.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қазақстандықтар жеке куәлікті 5-10 минут ішінде алатын болады – министр

Жуырда қазақстандықтар жеке куәлікті 5-10 минуттың ішінде ала алатын болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.