
Новости
Мемлекет басшысы Нью-Йоркте Дональд Трамппен пікір алмасты
Нью-Йоркке жасаған сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен әңгімелесті.
Ақорданың мәліметінше, кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарына баса назар аударылды.
Өз кезегінде Дональд Трамп экономика мен сауда саласындағы әріптестікті кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, екі тарап халықаралық жағдайға қатысты өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.



