Хабар

“Мемлекет 50 процентін өтейді”: вице-министр ауылда салынатын коттедждер туралы айтты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ауылда салынатын үйлердің құрылыс шығындарын өтеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

“Ауылда тұрғын үй салу тетігін енгізу ұсынылады. Оған сәйкес, ауылдағы қызметкерлер үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс берушілердің шығындарын 50 процентке субсидиялау қарастырылған”, – деді орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, жұмыс беруші алдымен ауылға қажетті мамандарды анықтайды. Сосын тізімін жергілікті әкімдікке береді. Ал әкімдік оны индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне көрсетеді. Орталық мемлекеттік орган рұқсат бергеннен кейін үй салуға болады. Артынан құрылысқа кеткен шығындардың жартысы қайтарылады.

Талапқа сәйкес, үйдің ауданы 100 шаршы метрден, ал бағасы 10 миллион теңгеден аспауы қажет. Еңбек шарты 5 жылға рәсімделуі шарт. Осы уақыттың ішінде ауылға барған маман үйдің 50 процентін өтеп, оны өз атына аудара алады.

Бүгінде республика бойынша 76 ауданның әкімдігі министрлікке ұсыныс жіберді. Әзірше, 3 мыңға жуық коттедж салу қажет. Оған республикалық бюджеттен 14,3 миллиард теңге керек болады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button