Хабар

Мектепті жөндеуге ата-анадан ақша жинаса, қайда шағымдануға болады?

Оқу-ағарту министрлігінің өкілі мектептерді жөндеу жұмыстары жергілікті бюджет есебінен жүргізілетінін айтты.

Оқу-ағарту министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекованың түсіндіруінше, мектепті жөндеу мақсатында ата-аналардан ақша жинауға рұқсат жоқ. Сонымен бірге, мұғалімдерді де жөндеу жұмыстарына тартуға болмайды.

Оның түсіндіруінше, мемлекеттік мектептер әкімдіктерге қарайды. Яғни, мектептерді жабдықтау, материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ ағымдағы жөндеу жұмыстары жергілікті бюджет есебінен жүргізілуі тиіс.

“Сондықтан да ата-аналар мен мұғалімдерден мектепті жөндеуге ақша жинауға болмайды. Биыл сәуір айында “Педагог мәртебесі туралы” заң аясында Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы қабылданды. Бұйрықта педагогтерді өздерінің жұмыстарына тән емес басқа жұмыстарға тартуға, олардан министрліктің 130-шы бұйрығында қаралмаған есептерді талап етуге болмайтыны нақты көрсетілген. Сонымен қатар педагогтер жұмыс барысында пайдаланатын қағаз немесе басқа да шығындарға өз қаражаттарын жұмсамауы керек”, – деді Майра Мелдебекова.

Ол, сондай-ақ, мектепті жөндеуге ақша жинап жатса құзырлы органдарға немесе Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің жергілікті департаменттеріне шағымдануға болатынын хабарлады. Құқық бұзу фактілері расталған жағдайда департамент қызметкерлері істі консультативтік-кеңесші органда қарап, әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес шара қолданады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button