Мектептегі буллинг: Тегін көмек пен кеңес алу үшін қайда жүгіну қажет?

Психологтар мен заңгерлерден тегін көмек алу үшін Just Support қорына өтінім беруге болады.

Соңғы 10 жылда жасалған зерттеулер нәтижесінде Қазақстанда 14 жастан асқан балалардың 65 пайызына мектепте әлімжеттік жасалатыны белгілі болды. Осы орайда, елдегі бала құқығын қорғаушы мамандар Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мұндай жағдайда қайда жүгіну керектігіне байланысты кеңес берді.

«Балама күш көрсеткен соң, басқа мектепке ауыстырдым»

«Осы оқу жылының басында 3-сыныпта оқитын балама орта мектеп оқушылары әлімжеттік жасаған. Менің ойымша, мектеп бұл мәселені шешкісі келмеді. Бастапқыда мән бермей, кейін барлық кінәні бізге, яғни баланың өзі мен отбасына аударуға тырысты. Қазір адвокат көмегімен болашақта балаларға қауіп төнбеуі үшін тәуелсіз кешенді тексеру өткізуді сұрап жатырмын«, – деді Алматы қаласының тұрғыны Анна Орлова.

Анна осы оқиғадан кейін баласын басқа мектепке ауыстырған. Ол ұлына қауіп төніп тұрған кезде бей-жай қарап отыра алмайтынын айтады.

Жаңа заң бала құқығын қорғай ма?

Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі, құқық қорғаушы Халида Әжіғұлова сәуір айында мектептерде буллингтің анықтамасы мен буллингке тыйым салуды ресми түрде бекіткен жаңа Бала құқығын қорғау туралы заң қабылданғанын хабарлады. Қазір Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мектептер үшін міндетті болатын балаларға қатысты буллингтің алдын алу қағидаларын әзірлеп жатыр.

«Бірақ, осы ережелер бекітілгенге дейін тегін әрі қолжетімді тетіктерді әзірледік. Оларда мектептегі буллингтің алдын алу, анықтау, жолын кесу, жағдайды реттеу, әлімжеттік жасалған балаға қолдау көрсету әдіс-тәсілі қамтылған», – деді Халида Әжіғұлова.

Десе де, құқық қорғаушы бұл шаралардың буллинг мәселесімен күресте жеткіліксіз екенін жасырмады.

«Әйелдер мен балалар қатыгездікке төзбеуі керек»

«Қадыр-Қасиет» ҚБ үйлестірушісі Бағила Жұбатова 2022 жылдың көктемінде бірнеше мектепте баланы буллингтен қорғауға бағытталған пилоттық бағдарлама әзірленгенін айтты. Бағдарлама қыркүйек айында жүзеге аса бастады.

«Біздің «Адам құқықтарының фокусы: әйелдер мен балалар» жобасы қатыгездік, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын қарым-қатынасқа көнбеуге шақырады. Адам құқығын шектеуге ешкімнің құқығы жоқ», – деді Бағила Жұбатова.

Балаға мектепте әлімжеттік жасалса, қайда жүгіну қажет?

Just Support атқарушы директоры Светлана Богатырева қордың «Періште балалар қауіпсіздігі» орталығымен бірлесіп, Антибуллинг қоғамдастық жобасын бастағанын мәлімдеді.

«Қор жасөспірімдерге суицид мәселелері бойынша көмек көрсетеді. Ал орталық өз кезегінде қауіпті жағдайда балалардың өзін қалай ұстауы керегін үйретеді. Соңғы жылдары әлімжеттік көріп жүрген балалардың ата-анасы көптеп жүгіне бастады. Сол себепті күш біріктіруді жөн көрдік. Қоғамдастықта психолог, медиатор, бала қауіпсіздігі бойынша жаттықтырушылар жұмыс істейді. Ата-аналар бізге әлеуметтік желі арқылы өтінім жіберіп, кейін тегін көмек ала алады. Сондай-ақ, заңгерлеріміз құқықтық қызмет бойынша көмек көрсетеді», – деді Светлана Богатырева.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қарағанды, Атырау және Сарыағашта диабет орталығы ашылады

Қазіргі таңда мұндай орталықтар Талдықорған, Өскемен, Орал және Алматы қалаларында жұмыс істейді. Қазақстанда соңғы 15 …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *