Мектеп оқушылары қысқы каникулда қанша күн демалады?

Білім министрлігі «Оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау мерзімін анықтау туралы» бұйрық дайындады.

Білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталуы үшін келесі мерзімдер белгіленді.

Оқу жылының негізгі мерзімі 1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығы:

1-11 (12) сыныптарда оқу жылы ішінде тоқсан және демалыс ұзақтығы мынандай тәртіппен бекітілмек:

1 тоқсан — 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (31 қазаннан бастап 6 қарашаны қоса алғанда);

2 тоқсан – 8 апта, қысқы демалыс — 9 күн (31 желтоқсаннан бастап 8 қаңтарды қоса алғанда);

3 тоқсан — 10 апта, көктемгі демалыс — 9 күн (18-26 наурызды қоса алғанда);

4 тоқсан — 10 апта.

1 сыныптарда қосымша демалыс — 7 күн (6-12 ақпан аралығын қоса алғанда).

Білім беру ұйымдарының сұранысы бойынша баламалы мерзім (пилоттық, халықаралық мектептер және басқалар):

Ондай жағдайдағы оқу тоқсандарының мерзімдері мынандай тәртіпте ұсынылып отыр:

1 тоқсан — 9 оқу аптасы, күзгі демалыс — 10 күн (23 қазаннан бастап 1 қарашаны қоса алғанда);

2 тоқсан – 9 апта, қысқы демалыс — 15 күн (31 желтоқсаннан бастап 14 қаңтарды қоса алғанда);

3 тоқсан – 9 апта, көктемгі демалыс — 9 күн (20-29 наурызды қоса алғанда);

4 тоқсан — 9 апта;

1 сыныпта қосымша демалыс — 7 күн.

Дереккөз: egemen.kz

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қарағанды, Атырау және Сарыағашта диабет орталығы ашылады

Қазіргі таңда мұндай орталықтар Талдықорған, Өскемен, Орал және Алматы қалаларында жұмыс істейді. Қазақстанда соңғы 15 …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *