Медициналық маска «омикрон» штаммынан қорғай ма – зерттеу

Бетперде тақпайтын адам науқаспен 15 минут қатынаста болса»омикрон» штаммын жұқтыру қаупі шамамен 100 пайызды құрайды. Бұл туралы Nikkei Asia жазды.

Мұндай қорытындыға RIKEN физика-химиялық зерттеулер институтының жапон ғалымдары Фугаку суперкомпьютері арқылы жағдайларды модельдеуден кейін келді. Зерттеушілер суперкомпьютердегі ықтималдықтарды модельдеді және 15 минут бойы бетперде кимеген адам короновирус жұқтырған науқаспен сөйлескен кезде инфекция сөзсіз жұғады деген қорытындыға келді.

Сонымен қатар, егер вирус тасымалдаушысы бетперде киіп, сөйлесу бір метрден астам қашықтықта жүргізілсе, жұқтыру мүмкіндігі нөлге жақын. Вирус тасымалдаушысы бетперде кимеген және бірдей қашықтықта болған жағдайда, жұқтыру мүмкіндігі 60 пайызға дейін артады. Егер жұқтырған адам бетперде киіп жүрсе, қауіп бірнеше есе төмендейді. Жұғу қаупі қысқа қашықтықта 14 пайызға дейін азаяды және алыс қашықтықта нөлге тең болады.

Зерттеушілер маска кию және әлеуметтік қашықтықты сақтау «омикрон» штаммының таралуын болдырмаудың тиімді әдістері болып қала береді деген дейді.

Айта кетейік бұған дейін ғалымдар COVID-19-дан «супериммунитет» алудың жолын тапқан болатын. Зерттеушілер өздерінің ашқан жаңалықтарын Business Insider мақаласында сипаттады.

Ғалымдар анықтағандай, «дельта» штаммының таралуы кезінде ауруға шалдыққан вакцинацияланған азаматтадың ағзасында Pfizer екінші инъекциясынан кейін тиімді иммунитет қалыптасқан.

«Мұндай ағзаларда антиденелердің деңгейі жоғары ғана емес, сонымен қатар әртүрлі нұсқаларға қарсы төтеп бере алатын қабілеті бар», — деді зерттеудің бірлескен авторы Фикаду Тафессе.

Оның айтуынша, «серпінді инфекция» деп аталатын кезде (яғни, толық вакцинацияланған адам коронавирус жұқтырған кезде) ағза коронавирустың өзгергіштігі туралы ақпарат алады, бұл «антиденелер» жиынтығында қосымша күрделілік деңгейін тудырады.

massaget.kz

Автор: Корреспондент

Читайте также

Қарағанды облысында 170-тен астам білім мекемесінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Қарағанды облысында алдағы оқу жылына белсенді дайындық жүріп жатыр. Биыл 175 білім беру нысаны жөндеуден …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.