Хабар

Малайзиялық компания Қарағандыда 700 орындық мектеп салмақ

2022 жылдың көктемінде Қарағандыда 700 оқушыға арналған жеке заманауи мектептің құрылысын бастау жоспарлануда. Жаңа оқу орны Оңтүстік-Шығыста, «Таугүл» шағын ауданында салынады. Инвестор Малайзиядан келген King Development компаниясы болады.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дата Сайед Мохамад Бакри құрылыстың мерзімдері мен жоспарларын талқылады.

Болашақ мектеп нөлден 11-ші сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған. Оқу ордасында кіші жастағы мектеп оқушылары мен үлкендерге арналған бөлек корпустар, үлкен спорт алаңы салынады. Рекреациялық аймақ оқу кешенінің барлық аумағының 50%-ын алады. Оқыту тілдері – қазақ, орыс және ағылшын. Фин оқыту әдістемесі негізге алынады. Дарынды балалар үшін мемлекеттік гранттар қарастырылған.

“Оқыту фин әдістемесі бойынша өтеді. Бұл оқытудың стандартты жүйесі емес, ол сыни ойлауды дамытуға бағытталған. Жергілікті мұғалімдер сабақ береді. Олар сингапурлық және фин мамандарынан тағылымдамадан өтеді. Біз үлкен жоспарлар құрып отырмыз – әр облыс орталығында жекеменшік мектеп салғымыз келеді”, – деген ойымен бөлісті «King Developmen» ЖШС Бас директорының орынбасары Шыңғыс Аханов.

“Қарағандыда мектептерге деген қажеттілік жоғары. Қаланың әртүрлі аймақтарында жеті мектеп қажет. Бірақ сіздер құрып жатқан сегмент бізде жоқ. Сондықтан біз жобаны іске асыру кезінде жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз”, – деп атап өтті аймақ басшысы.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button