Хабар

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге тіркелу басталды

Кешенді тестілеу 20 шілде – 10 тамыз аралығында өтеді.

Магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау басталды. Тіркеу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында(https://app.testcenter.kz/language-select) 15 шілдеге дейін жүргізіледі.

Үміткерлер білім беру бағдарламалары тобы, үміткерлердің тестілеуді өткізу тілі мен орнына өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін өзгерістер енгізе алады. Тестілеу күні туралы ақпарат үміткердің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Ал кешенді тестілеу 20 шілдеде басталып, 10 тамызға дейін жалғасады.

“Кешенді тестілеу электронды форматта өткізіледі және үш бөліктен тұрады: шет тілі, оқуға дайындықты анықтау және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест. Оған 4 сағат беріледі. Шет тілін білу деңгейін растайтын халықаралық сертификаттары болса, үміткерлер шет тілінен ​​тест тапсырудан босатылады”, – деп түсіндірді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Биыл ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін шекті балл – 75, мамандандырылған магистратураға түсу үшін – 50 балл. Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда, үміткерлер тестілеуден өткеннен кейін онлайн апелляцияға бере алады.

2022-2023 оқу жылына арналған магистратураға мемлекеттік білім беру тапсырысы – 13 мыңнан астам грант.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Проверьте также
Close
Back to top button