Хабар

Мұнай әлемнің алға жылжуына қалай ықпал ететінін білесіз бе?

Informburo.kz “Шеврон” энергетикалық корпорациясымен бірге мұнайдың артықшылығы және оның қоғамның өркендеуіне қосқан үлесі туралы баяндайды.

Мұнай – адамзат үшін ең маңызды табиғи шикізат. Ерекше иісі бар майлы жанғыш сұйықтық органикалық отынға жатады және ілеспе газбен бірге бірнеше ондаған метрден 5-6 шақырымға дейінгі тереңдіктен алынады. Кейде табиғи жолмен жер бетіне шығатын мұнай қалың мальта, жартылай қатты асфальт немесе шайыр құмдарын түзеді. Мұнай және онымен байланысты ресурстар қалай өндірілетіні, өңделетіні және қазіргі әлемдегі оның ролі туралы Қазақстандағы шикізат өндіретін көшбасшылардың бірі – “Шеврон” компаниясымен бірге айтып береміз.

Этимология

XVIII-XIX ғасырларда Ресей империясы аумағында қара майлы шикізат “тау майы” деп аталды. “Мұнай” сөзі түрік тілінен (neft) алынған, ал олар бұл сөзді кезінде парсы тілінен (naft) алды. Германия, Венгрия, Финляндия және Жапония сияқты кейбір Еуропа және Азия елдерінде “мұнай” сөзі дәл солай аударылып, “тас майы” дегенді білдіреді. Petroleum деген ағылшын сөзі ежелгі грек тілінен “тас” және “май” деп аударылады.

Мұнайдың пайда болуы және физикалық қасиеттері

Мұнайдың түзілу процесі ұзақ және күрделі. Мұнайдың пайда болуының екі нұсқасы бар: биогенді – органикалық шөгінді түзілімдерінен (тірі организмдер қалдықтары) және абиогенді – жоғары қысым әсерінен бейорганикалық заттардан. Мұнай тереңде түзіледі, бұл процесс 10 жылдан бірнеше жүз миллион жылға дейін созылады. Мұнайдың күйі сұйық тұтқыр, ол толық дерлік түссіз немесе толық дерлік қара болады. Тығыздығы бойынша шикізат жеңіл, орташа және ауыр болып келеді. Тығыздығы температура мен қысымға байланысты. Сонымен бірге, мұнай сұйығының ерекше иісі бар және тез тұтанады.

Адамдар мұнайды қалай өндіре бастады?

Ашық деректерде адамдар мұнайдың пайдалы қасиеттері туралы ежелгі дәуірде-ақ білгені туралы жазылады:

  • Б.з.д. 6000 – 4000 ж.ж.– Евфрат өзені жағасындағы әйгілі Вавилон мұнарасын салуға тұтқыр шайырлы зат битум қолданылды;
  • Б.з.д. 2600 ж. – дәл сол битум Инд өзені аңғарында ежелгі өркениет қалаларын салу үшін қолданылған;
  • Б.з.д. VI ғасыр. – Вавилон патшасы Навуходоносор II алып пешті мұнай материалдарымен қыздырды.

Мұнай ежелгі Египетте де танымал болғаны белгілі, мұнда ол өлгендерді бальзамдау үшін қолданылған. Ежелгі Грекияда мұнай тұтандырғыш қоспасы мен отын болған. Орта ғасырларда мұнай үй жылыту үшін және жарық жағу үшін жанғыш қоспа ретінде және әскери күш ретінде де қолданған. Мұнайды өңдеу және айдау тек XVIII-XIX ғасырларда басталды, бұл кезде айдау аппараттары мен шикізат өндірудің нақты әдісі жасалған еді.

Қазір мұнай қалай өндіріліп, өңделеді?

Мұнай мен онымен байланысты ресурстардың заманауи өндірісі мына жолдармен жүзеге асырылады:

  • фонтан;
  • газ көтергіш;
  • электрлік ортадан тепкіш немесе электрлік бұрандалы сорғыштарды орнату;
  • жерде тербелетіні бар штангалық сорғыны орнату.

2019 жылы мұнайды көп өндірген елдер үштігі мыналар: АҚШ (жылына 745 миллион тонна мұнай), Ресей (568 миллион тонна), Сауд Арабиясы (557 миллион тонна). Құрамы мен өндіріс орындарындағы айырмашылыққа байланысты өндірілетін мұнай бірнеше стандартқа бөлінеді: WTI және Light Sweet (бұл – Батыс жарты шардағы мұнай маркалары), Brent (Еуропадағы және ОПЕК елдеріндегі мұнай маркалары).

Шикі мұнайды таза отын мен майға дейін айдау үшін шикізатты фракцияларға физикалық түрде бөлу қолданылады. Бірінші кезеңде (бөлу) мұнайдан технологиялық тазарту арқылы газ, су және механикалық қоспалар бөлінеді. Екінші кезеңде мұнайдағы көмірсутек молекулаларын химиялық модификациялау арқылы оның мотор майлары мен отын мөлшерін арттырады. Бұл алынған элементтерді жақсы тотықтыруға көмектеседі.

Мұнай мен оның өнімдері қайда қолданылады?

Мұнай шикі күйінде өте сирек қолданылады, қазір негізінен электр желілері мен құбырларды нығайтуға пайдаланады. Өңделіп, тазартылған мұнай мынадай болады:

  • бензин;
  • керосин;
  • дизель отыны;
  • реактив отын;
  • газ турбиналары мен қазандық қондырғыларына арналған отын;
  • жақпа және арнайы майлар;
  • парафин;
  • жол құрылысы мен гидроизоляцияға арналған битум;
  • синтетикалық май қышқылдары;
  • резеңке өнеркәсібіне арналған қара күйе;
  • электродтарға арналған кокс;
  • еріткіштер;
  • химия өнеркәсібіне арналған шикізат.

Сонымен қатар, ілеспе мұнай газдарынан, тазартылған өнімдерден және қалған бірқатар қалдық фракциясынан полимерлі материалдар мен пластмассалардың, синтетикалық талшықтардың, синтетикалық каучуктың, синтетикалық жуғыш заттардың, спирттердің, альдегидтердің, кетондардың және жем белоктарының мұнайхимиялық синтезіне арналған шикізат алынады.

Бір қызығы, химия және мұнай-химия өнеркәсібі дамуына байланысты өндірілетін әлемдік мұнайдың жалпы көлемінің 8%-тен астамы синтетикалық каучуктер мен талшықтар, пластмассалар, беттік активті заттар, жуғыш заттар, пластификаторлар, қоспалар мен бояғыштар жасауға пайдаланылады.

Мұнайды жоғарыда айтылған өнімдердің көзі ғана болып қоймай, оны тасымалдау оңай және оның энергиясы тығыздығы көмірге қарағанда 30% жоғары.

Қазір мұнайдың қанша қоры бар?

Мұнай – қалпына келмейтін ресурс. Сондықтан оны өндіру елдердің әртүрлі экономикалық келісімі арқылы шектеледі. 2004 жылы әлемде 210 миллиард тонна мұнай қоры зерттелді, ал ашылмаған қоры 50-260 миллиард тонна деп бағаланды. 1984 жылдан бастап әлемде мұнай өндіру дәлелденген қорлар көлемінен асып түсті. Қазір жұмыс істеп тұрған өндіріс қарқынын ескере отырып, онсыз да ашық ресурс адамзатқа 40-50 жылға, ал ашылмаған мұнай қоры тағы 50 жылға жетеді. Бірақ қазірдің өзінде көптеген ел белсенді геологиялық барлауды жалғастырып жатқанын айта кеткен жөн. Мысалы, 2021 жылы ақпанда Қазақстанның Маңғыстау облысында 30 жыл ішінде елдегі ең ірі мұнай кен орны ашылды.

Мұнай қоры бар көшбасшы елдерге мыналар жатады (2016 жылғы дерек):

  • Венесуэла (301 млрд баррель қоры);
  • Сауд Арабиясы (267 млрд баррель);
  • Канада (172 млрд баррель).

Мұнай экономикаға қалай әсер етеді?

Мұнай және онымен байланысты ресурстар әлемдік экономикада және отын-энергетикалық кешенде маңызды орын алады. Тарихтан адамзат үшін мұнайдың маңызы артқанын көруге болады:

  • 1900 жылы мұнай энергияны тұтынудың тек 3%-іне тең болды;
  • Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде – 5%;
  • Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде – 17,5%;
  • 1950-жылдары – 24%;
  • 1970-жылдары – 41,5%;
  • ХХІ ғасырдың басында – 48%;
  • 2016 жылы – 33,3%.

Қазіргі уақытта мұнайдың әлемдік нарыққа әсері сәл әлсіреді, бұл “жасыл экономиканың” енуіне байланысты болды. Дегенмен мұнай бағасының өзгеруі көптеген ел жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Жанармай бағасы сұраныс пен ұсыныстың стандарт үлгісіне негізделген. Егер ұсыныс деңгейі түссе, баға сұраныс ұсынысқа тең болғанша көтеріле береді. Мұнайдың ерекшелігі – қысқамерзімді сұраныс серпімдігі төмен: бағаның өсуі сұранысқа аз әсер етеді. Сондықтан мұнай жеткізілімінің аздап төмендеуі де бағаның күрт өсуіне алып келеді. Егер жеткізілім 2020 жылы коронавирус пандемиясының шарықтаған кезіндегідей аздау болса, онда мұнай бағасы тіпті түсіп кетуі мүмкін, бұл өндіріс көлеміне де әсер етеді. Мұны ОПЕК+ келісімі растайды, ол бойынша әлемдік мұнай көшбасшылары коронавирус дағдарысы кезінде мәселені реттей алу үшін өндірілген шикізат көлемін азайтуға келісті. Қазақстан да осы келісім шарттарын қабылдады.

Қазақстанның мұнай саласы

Қазақстанда мұнай 1899 жылы Атырау облысындағы Қарашүңгіл кен орны аумағында өндіріле бастады. Содан бері бұл шикізат ұлттық экономиканың негізіне айналды. Forbes.kz мәліметінше, 2019 жылғы жағдай бойынша, елде 250-ден астам мұнай мен газ кен орындары жұмыс істейді. Мұнда мұнайды 104 кәсіпорын өндіреді. Елдегі 30 ірі салық төлеушісі дәл осы 2019 жылы ел бюджетіне 4,9 трлн теңге салық әкелді, оның 4,3 трлн теңгесі мұнай-газ компаниялары үлесіне тиді. Бұл сала Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің 44%-не тең. 2020 жылы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, ішкі кен орындарында 85,7 миллион тонна мұнай және ілеспе конденсат өндірілген, 2021 жылы ОПЕК+ -тегі міндеттемелерді ескере отырып, бұл көрсеткішті 86 миллион тонна мұнайға дейін арттыру жоспарланған.

Қазақстандағы мұнай мен газ өндірісі көшбасшыларының бірі – халықаралық “Шеврон” компаниясы, ол – Теңіз және Королев (“Теңізшевройл”) сияқты мұнай кен орындарын және Қарашығанақ газ конденсатты кен орнын (“Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.”) игерудегі акционер. 2020 жылы ТШО-да шикі мұнай өндірісі 26,46 млн тонна болды және КПО-да 10,9 млн тонна тұрақты сұйық көмірсутектер болды. 2018 жылы “Шеврон” Қазақстан Республикасымен ынтымақтастықтың 25 жылдығын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button