Мүгедектер жеңілдетілген темір жол билетін енді онлайн ала алады

Енді ерекше қажеттілігі бар адамдарға билет сатып алу үшін өзімен бірге көп құжат алып жүрудің қажеті жоқ.

2021 жылдың 28 шілдесінен бастап ерекше қажеттілігі бар азаматтар бағасы 50% жеңілдетілген билетті ресми сайттан сатып ала алады. Бұл үшін еgov mobile-дан алған ЖСН мен әлеуметтік ID – 6-таңбалы кодты енгізу қажет, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» баспасөз қызметі.

Сайтта сапар күні мен вагондағы орынды таңдаған соң, мәртебені растау үшін деректер енгізу қажет:

ЖСН;

  • мүгедектік туралы анықтама нөмірі;
  • әлеуметтік құжат ашылғанда берілетін 6 таңбалы код/eGov mobile қосымшасының «цифрлық құжаттар» сервисіндегі ID.

Сайтта осы деректерді толтырып, оларды өңдеуге келісім берген соң, билеттерді сату жүйесі «цифрлық құжаттар» қызметіне сұратым жібереді. Кейін деректерді тексеру кезінде жолаушы мәртебесі расталып, жол жүру құжатын рәсімдеу үшін таңдалған орынға жеңілдікті қолдана алады.

«2020 жылы теміржол билеттерінің 50%-дан астамы онлайн түрде сатылды. 2021 жылы бұл көрсеткішті арттыруға тырысамыз, мүмкіндігінше жолаушылардың көбісі билеттерді онлайн сатып алғанын қалаймыз. Өйткені, бұл уақыт пен ақшаны үнемдейді. Сондай-ақ, елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып мүгедек азаматтардың кассаға бармай-ақ теміржол билеттерін сатып алу процесін жетілдіру туралы шешім қабылданды», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Петер Штурм.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін цифрлық форматтағы қызметтердің көп болуы аса маңызды екеніне тоқталды.

«Біз мүгедек адамдардың мәртебесін растайтын құжатты үнемі өзімен бірге алып жүруінің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз және мүгедек адамның куәлігі eGov mobile қосымшасындағы «цифрлық құжаттар» сервисінде де қолжетімді екенін қуана хабарлаймыз. Бұдан басқа, «ҚТЖ» ҰК» АҚ билеттерді сату жүйесімен интеграциялаудың арқасында жеңілдігі бар билеттерді ресімдеу мүмкіндігі іске асырылды. Оны алу үшін сайттан билет сатып алғанда, 6 таңбалы код пен ЖСН енгізу жеткілікті», – деп қосты Ростислав Коняшкин.

Автор: Корреспондент

Читайте также

2023 жылдан бастап зейнетақы мөлшері қалай өзгереді?

Зейнетақының ең жоғары мөлшері 100 пайыздан 120 пайызына дейін кезең-кезеңімен арттырылатын болады. 2023 жылдың 1 …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.