Хабар

Коронавирус: Қарағанды облысы «сары» аймаққа өтті

Қарағанды облысы коронавирустың тарауы бойынша, «сары» аймаққа өтті. Осыған байланысты Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігері өңір тұрғындарына үндеу жолдады.

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Қарағанды облысы 2021 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «сары аймақта» тұр.

2021 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша облыста барлығы 12 782 коронавирустық инфекция жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанушылық көрсеткіші 899,8 құрады. Ауру құрылымында ауру белгілері – 54,9% және ауру белгілерінсіз вирус тасымалдаушылар – 45,1%.

Эпидемиологиялық жағдай күрделі деп бағаланып отыр, коронавирустық инфекция бойынша сырқаттанушылықтың күнделікті өсуі тіркелуде.

Сондықтан, аурудың өршуіне жол бермеу мақсатында облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы талаптарының сақталуын қатаң қамтамасыз ету қажет. Балаларға, жасы үлкен адамдарға және ауруға өте сезімтал созылмалы аурулары бар адамдарға ерекшеназар аудару қажет. Сіздің денсаулығыңыз, жақындарыңыздың денсаулығы өзіңіздің қолыңызда, сондықтан оқшаулануды, биоқауіпсіздік ережелерін (маска кию, антисептиктерді қолдану, әлеуметтік қашықтық) сақтауларыңыз қажет.

Қазіргі уақытта жекелеген аумақтарда да, жалпы облыс көлемінде карантиндік іс-шараларды қабылдау мәселесі қарастырылуда.

Қарағанды облысының Бас санитариялық дәрігері ретінде барлық азаматтарды санитариялық шаралар мен шектеулерді мүлтіксіз сақтауға шақырамын, бұл коронавирустық инфекцияның таралуын бақылаудың жалғыз жолы.

Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Юрий Залыгин

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button