Хабар

Кімдер ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға грантқа түсе алады?

Тізімде халықаралық 7 пәндік олимпиада, 6 спорттық жарыс және 6 орындаушылар конкурсы бар.

Білім министрі Асхат Аймағамбетов жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бейінді бағыттар бойынша отандық жоғары оқу орындарында оқу үшін білім гранттары берілетін пәндік олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық конкурстардың тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.

Оған сәйкес, беделді халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық жарыстардың және әлемдік деңгейдегі шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмай-ақ ЖОО-ға бейінді бағыттар бойынша грантқа түсуге мүмкіндік алып отыр.

“Биыл Дүниежүзілік гимназиадада оқушыларымыз әлемнің 70-тен астам елінен келген жасөспірімдерді басып озып, 86 медаль жеңіп алды. Ұлттық құрамамыз ІІІ орынды иеленді. Енді олар бірінші болып ЖОО-да оқу үшін гранттар алады”, – деді Асхат Аймағамбетов.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар:

  • Математикадан халықаралық олимпиада (IMO) АЙМО);
  • Физикадан халықаралық олимпиада (IPhO) АЙФО);
  • Химиядан халықаралық олимпиада (IChO) АЙЧО);
  • Биологиядан халықаралық олимпиада (IBO) АЙБИО);
  • Географиядан халықаралық олимпиада (IGеO) АЙДЖЕО);
  • Информатикадан халықаралық олимпиада (IOI) АЙОАЙ);
  • Лингвистикадан халықаралық олимпиада (IOL) АЙОЭЛ).

Халықаралық спорттық жарыстар:

Олимпиада ойындары;
Паралимпиада ойындары;
Сурдлимпиада ойындары;
Жасөспірімдер Олимпиада ойындары;
Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттары;
Дүниежүзілік жазғы және қысқы гимназиада.

Халықаралық орындаушылардың конкурстары:

  • Петр Чайковский атындағы Халықаралық жасөспірімдер байқауы Мәскеу қаласы (Ресей);
  • Халықаралық жасөспірімдер вокалдық конкурсы Мәскеу қаласы (Ресей);
  • Екатерина Максимова атындағы “Арабеск” ашық ресейлік балет әртістерінің байқауы, Пермь (Ресей);
  • World Dance Council (WDC (ВИДИСИ), World DanceSport Federation (WDSF (ВИДИЭСЭФ) Халықаралық жарыстар федерациясы және турнирлер, International Dance Sport Union (IDSU (АЙДИЭСЮ) әлем кубогы және әлем чемпионаты кезеңдері;
  • “Витебскідегі Славян базары” халықаралық өнер фестивалі (Беларусь);
  • Бибігүл Төлегенова атыңдағы халықаралық вокалистер конкурсы Алматы қаласы (Казақстан Республикасы).

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button