Кеншілер мен металлургтерге арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды

Қарағанды облысында кеншілер мен металлургтерге арналған тұрғын үй бағдарламасы басталды. Бұл облыс әкімдігі мен Отбасы банктің жобасы. Бірінші кезеңде бағдарлама «АрселорМитталТеміртау» АҚ көмір және болат департаменттерінің 120 қызметкеріне жеке баспана алу үшін жеңілдетілген заем алуға көмектеседі. Жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысушыларды ұйымның кәсіподақ комитеттері анықтады.

17 наурызда Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек пен Отбасы банк АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова кеншілер мен металлургтерге несие сертификаттарын табыс етті.

«Наурыз мейрамы қарсаңында біз азаматтарымызға қолжетімді несие алуға мүмкіндік беретін сертификаттарды табыс еткіміз келеді. Бұл біздің Отбасы банкімен бірлескен бастамамыз. Кеншілер мен металлургтерді несиелендіруге Қарағанды облысының бюджетінен 1 млрд теңге бөлеміз, тағы 700 млн теңгені Отбасы банк бөліп отыр. Бұл қаражат жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен несие беруге бағытталады», – деп түсіндірді аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек.

Жаңа бағдарлама алдағы бес жылда жұмыс істейді деп күтілуде. Жеңілдетілген несиелер Қарағандыда, сондай-ақ Саран, Абай, Шахтинск және Теміртауда қолжетімді болады.

«Басы байлы баспанаңның болуы – болашағыңа деген сенім, берік отбасы, әлеуметтік тұрақтылық деген сөз. Сондықтан қазір кеншілер мен металлургтердің баспана мәселесін шешуде қолдау көрсету біз үшін өте маңызды. Бүгінде Қарағанды облысында жеңілдетілген несие арқылы алғашқы немесе екінші нарықтан пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін несиелендіру механизмін іске қосып жатырмыз», – деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Несиелендірудің бірінші кезеңіне барлығы 1,7 млрд теңге бөлінеді. Бағдарламаға қатысушыға берілетін ең жоғары несие сомасы – 15 млн теңге. Несие 19 жылға дейінгі мерзіммен беріледі.

Автор: Корреспондент

Читайте также

Күн тағы суыта ма? Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.