
Карқаралы қаласында және облыстың басқа аудандарында турникке тартылу мен жерден кеуде көтеруден (сығым) ашық жарыс — TARTYL FEST – 2025 ұйымдастырылды.
Жарысқа бес жас категориясы бойынша 60-тан астам спортшы қатысты.
Жарыстың бас төрешісі Дәурен Сүлейменов атап өткендей, тартылу — жастар арасында танымал әрі қолжетімді спорт түрі. Ережелері қарапайым болғандықтан мұндай жарыстарды жиі өткізу маңызды. Бұл спортшылардың шеберлігін жетілдіруге мүмкіндік береді. Ең мықтылар облыстық және республикалық кезеңдерге іріктеледі.

15–35 жас аралығындағы категорияда Бақтілек Мейраш турникке 31 рет тартылып, үздік атанды.
Аға буын өкілдері — Ербол Емілжанов, Ерлан Өмірзақов және Мерхат Жұмаділов әрқайсысы 20-дан астам тартылу жасап, жоғары физикалық дайындығын көрсетіп, жас спортшыларға үлгі болды.
Жарысқа қатысқан барлық спортшылар — жас әрі тәжірибелі — турник пен жерден кеуде көтеру жаттығуларында жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетті. Әркім өз күш-жігері мен төзімділігін дәлелдеуге талпынды.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
