Хабар

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы SMS арқылы рәсімделеді

16 мыңға жуық қазақстандық көпбалалы отбасылар үшін тағайындалатын жәрдемақыны проактивті форматта алды. Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов мәлімдеді.

Өткен жылдың мамыр айынан бастап әйелдерге төртінші немесе одан да кейінгі баланы туған кезде тағайындалатын көп балалы отбасылар жәрдемақысын алу үшін ХҚО-ға жүгіну міндетті емес, мемлекеттің өзі барлығын қашықтан SMS арқылы рәсімдеуді ұсынады.

“Отбасында төртінші немесе одан кейін тағы бала туылған жағдайда, проактивті түрде баланың туу туралы куәлігін, бала туу мен оның бір жасқа дейінгі күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыларды ғана емес, көп балалы отбасылар үшін жәрдемақыны ресімдеуді ұсынатын SMS-хабарлама да жіберіледі. Мұнда клиенттің SMS-ке келісімі ғана керек. Қажетті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады. ХҚО-ға барудың қажеті жоқ”, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әділ Қожықов.

Көпбалалы отбасылар үшін жәрдемақы 2020 жылдың басынан бастап төленеді. Төлемді төрт және одан да көп бала туған әйелдер ала алады. Қазіргі уақытта бұл жәрдемақыны 487 мыңнан астам қазақстандық отбасы алады.

Оның ішінде 63 437 әйел «Алтын алқа», 138 571 әйел «Күміс алқа» иегерлері. 2022 жылы көп балалы отбасыларға тағайындалатын жәрдемақы мөлшері:

  • 4 балаға 49 100 теңге;
  • 5 балаға 61 383 теңге;
  • 6 балаға 73 666 теңге;
  • 7 балаға 85 948 теңге;
  • 8 балаға 98230 теңге;

Келесі әр балаға +4 АЕК.

Айта кетейік, Қазақстанда 4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы немесе 23 жасқа толғанға дейін күндізгі бөлімде оқитын бірге тұратын балалары барлар көпбалалы отбасы болып саналады.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button