Хабар

Күн сайын бір қиярдан жесеңіз не болады?

Қазір көкөністердің кезеңі басталды. Қиярды күнделікті тұтыну салмақ жоғалтқысы келетіндерге пайдалы болуы мүмкін, өйткені калориясы аз бұл көкөніс денені тазартуға және ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіруге көмектеседі дейді диетологтар.

Қияр 95 пайыз су және бес пайыз жасұнықтан (клетчатка) тұрады. Олардың құрамында майдың пайда болуына жол бермейтін тартрон қышқылы бар. Бір қиярды қорыту үшін біздің организм ол қиярдан алған калориядан да көп калория жұмсайды екен.

Диетологтар қиярды қабығымен жеуге кеңес береді, құрамында көптеген пайдалы микроэлемент пен дәрумен бар, бұл зат алмасуды жақсартуға және артық салмақтан арылу үшін жақсы. Қиярдың құрамында К, А, С дәрумендері, В тобындағы дәрумендердің аз мөлшері, сонымен қатар минералдар – темір, калий, фосфор, мыс және магний бар.

Қияр шырынында қан құрамын жақсартатын және холестерин түйіншіктерін кетіретін табиғи қышқыл бар.

Бұл көкөніс қант диабетімен ауыратын адамдарға өте пайдалы. Өнімнің минералды құрамы қандағы қант деңгейін төмендетуге, қан тамырларын тазартуға және артық майды ағзадан шығаруға көмектеседі.

Күніне кем дегенде бір қияр жеп отырса тері жақсарады, салмақ жоғалтасыз және ісінуді басады. Ішек жұмысын жақсарту үшін күніне екі-үш қияр жеу жеткілікті.

Сондай-ақ, қияр серотониннің пайда болуына ықпал етеді. Сондықтан дәрігерлер оларды көңіл-күйіңіз болмаған кезде, шаршап жүргенде, тіпті депрессия кезінде диетаға қосуды ұсынады. Табиғи жаңа піскен қиярды үнемі қолданған кезде сергектік пен қуат заряды пайда болатындығы дәлелденген.

Сарапшылар қиярдың терінің күйіне жағымды әсерін атап өтті. Қиярды үнемі қолданған кезде бөртпелер, қызару, құрғақтық және терінің қабыршақтануы басылады. Тері ылғалданып, серпімді және балғын болады. Әжімдер кетіп, бет терісі анағұрлым тегіс болады.

Қияр құрамындағы калий ісінумен күреседі, қан қысымын тұрақтандырады және жүрек соғу жылдамдығын қалыпқа келтіруге көмектеседі. Физетиндер қиярдың қабығында болады. Бұл заттар есте сақтау қабілетін жақсартады.

Сонымен қатар қияр – бүйректі ұсақ тастар мен құмнан тазартуға арналған керемет табиғи құрал болып саналады. Қияр шырыны кальций тастарын ыдырататын минералдарға бай.

Дегенмен, тіпті мұндай пайдалы өнімнің өзіндік кемшін тұстары бар. Сонымен, асқазан-ішек жолдары ауруларында (гастрит, колит, асқазан жарасы, әсіресе өткір кезеңде) қиярды қолданудан бас тартқан дұрыс дейді мамандар.

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button