Воскресенье, 14.08.2022

«Күн сайын 10 адам қаза табады». Жол апатының негізгі себептері қандай?

Ведомстволық деректерге сәйкес, тек өткен аптада ғана 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Жыл басынан бері жол апатынан 1 мыңнан астам адам қаза тауып, 8 мыңнан астам адам жарақат алды, деп хабарлады ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандос Мұратәлиев.

«Күн сайын еліміздің жолдарында 10-ға жуық адам қаза тауып, 70-ке жуық адам түрлі дене жарақаттарын алады. Ведомстволық деректерге сәйкес, тек өткен аптада ғана 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Онда 50-ге жуық адам қаза тауып, 200-ден астам адам жарақат алған», – деп атап өтті Жандос Мұратәлиев.

Ведомство өкілі кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуымен болатын оқиғалар ерекше алаңдаушылық тудыратынын атап өтті. Айтуынша, жыл басынан бері 2 мыңға жуық бала түрлі жарақат алып, 90-нан астам адам қайтыс болған.

Жол апаттарын талдау барысында олардың негізгі себептері анықталған. Олар:

жылдамдық режимін асыру;
маневр жасау ережесін бұзу;
қарама-қарасы жүріс жолағына шығу;
аударылу;
жаяу жүргіншілерді басып кету.

Автор: Корреспондент

Читайте также

ІІМ қазақстандықтарға алаяқтардан сақтану туралы SMS жолдады

ІІМ азаматтарға алдын алу және ескерту сипатындағы SMS жібере бастады, деп хабарлайды Polisia.kz Мобильді байланыс …

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.