Хабар

Jah Khalib Қазақстан ауылдарында бірнеше миллион долларға мектеп салмақшы

Jah Khalib ретінде белгілі қазақстандық рэпер Бақтияр Мамедов Қазақстанда жалпы құны шамамен 14 миллион доллар болатын заманауи мектептер салғысы келетінін айтты.

Бұл туралы ол Лаура Джугелияға Fametime Tv YouTube арнасына берген сұхбатында мәлім етті.

“Бізде 14 аймақ бар, оның ішінде 14 ауылда әрқайсының құны 800 000 – 1 миллион доллар болатын хайтек-мектеп салғым келеді”, – деді Мамедов Джугелиямен бірге өзі оқыған мектепті аралау кезінде.

Ол қазір осы жоспарын жүзеге асыру үшін ақша жинап жатқанын айтты.

“Шамамен 40 жасқа дейін бұл ойымды жүзеге асырамын. Менің бұған қатысты жоспарым бар”, – деді рэпер.

Jah Khalib ауылдағы мектеп оқушылары қалалықтарға қарағанда білімге көбірек ұмтылады деп санайды. Ал мектептерді серіктестерімен бірлесе салу жоспарланған.

Jah Khalib – қазақ әншісі. Шын есімі Бахтияр Мамедов. Әзербайжан тегі бар Бахтияр Мамедов рэптен басқа, жақсы битмейкер және хип-хоп продюсері. «Менің басты мақсатым – адамдарға музыкамен эмоция беру», – дейді ол.

Sputnik.kz

Статьи по теме

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button