Хабар

Иісшіл ит ер адамның сөмкесінен 20 келі марихуана тауып алды

Зара есімді лабрадор, «СОКУР» шекара бекетінің төрт аяқты көмекшісі Шу-Астана бағытымен жол тартқан автобустан бір сөмке марихуана тапты

Зара есімді лабрадор, «СОКУР» шекара бекетінің төрт аяқты көмекшісі Шу-Астана бағытымен жол тартқан автобустан бір сөмке марихуана тапты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Қарағанды облысы ІІД-дан мәлімдегендей, «Көкнәр» жедел алдын алу шарасын өткізу барысында полицейлер «СОКУР» бекетінде Шу-Астана бағытымен қатынайтын автобусты тоқтатқан. Рейстік автобусты тексерген кезде ІІД Кинологиялық қызмет орталығының иісшіл иті 18 келіден аса марихуана салынған сөмке тапты.
«Жүк иесі – Теміртау қаласының 29 жастағы тұрғыны оқиға орнында ұсталды. Күдікті кінәсін мойындап отыр. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Жас жігіт уақытша ұстау абақтысына қамалды», – деді Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Полицейлердің ақпаратынша, жыл басынан бері облыстық ІІД Кинологиялық қызмет орталығының иісшіл иттерінің көмегімен 200 келіге жақын есірткі, соның ішінде 23 келіден астам героин заңсыз айналымнан тәркіленген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button